Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астықты су жолы көлігіне тиеу



Pdf көрінісі
бет66/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астықты су жолы көлігіне тиеу 
Мұндай тиеу жұмысы екіге бөлінеді: өзен кемесіне астық тиеу және теңіз кеемесіне 
астық тиеу. Мұндай бөлініс атқарылатын жұмыс көлемінің әртүрлілігіне, кемелердің жүк 
көтергіштігі мен құрылымдарының өзгеше болатындығына байланысты. Өзен кемелерінде 
палуба болмайды. Олардың жүк көтергіштігі 1, 2, 3 мың тоннаны құрайды. Теңіз 
кемелерінде көп палубаны жүк көтергіштігін жоғары етіп салады. 
Су жолы көліктеріне астық тиеу құрылғыларын құрастырар кезде олардың жұмыс 
қуатының үлкен және элеваторлардан тәуелсіз болуына назар аударылады. Бұл шарттар 
аралық жинақтағыш қораптар орнатылу жолымен жүзеге асырылады, әлгі қораптардың 
сыйымдылығы өзен кемелеріне астық тиеу үшін 0,5 ......1,0 мың тоннаны құраса, теңіз 
кемелеріне астық тиеу үшін 3....4 мың тоннаны құрауы қажет. 


Су жолы көліктеріне астық тиеу құрылғыларының орнатылуы бірқатар ерекше 
жағдайларға байланысты әр түрлі болуы мүмкін (6-сурет). 
6-сурет. Су көлігіне астықты тиеу қондырғысы 
а-жұмысшығимаратында қосылған қораптарды босату; б-пирсте орналасқан галерея 
арқылы; в-жаға бойында орналасқан галерея арқылы; г-шығарылатын конвейер мен 
лақтырып тасталатын құбыр нориясы бар партия мен галерея арқылы|; д-теңіз кемелеріне 
тиеу үшін қондырғы. 
Кемелерге астық тиеуге арналған қондырғыларды дұрыс орнатудағы басты шарт-
астықты кеменің барлық трюмына тепе тең және бір мерзімде құйылуы үшін кең көлемде 
тиеу алаңын жасау болып табылады. Көп жағдайда бұл үшін айлақтарға жарыспалы 
(параллель), бірнеше тиеу конвейерлері мен тиеу құбырлары бар галереялар 
құрастырылады. 
Астық кемеге еңбек өнімділігіне және тиеу жағдайына байланысты жарыспалы 
орнатылған екі, үш немесе төрт конвейерлер арқылы жеткізіледі. Кемені тұрған орнынан 
жылжытпай, оның кез келген трюмына астық тиеу үшін конвейерлерді тасылдырма 
арбалармен жабдықтайды. Оылардың көмегімен астықты конвейер галереясының 
ұзындығы бойындағы барлық тиеу құбырларының көмейіне үздіксіз құйып тұруға болады. 
Тиеу құбырлары жоғары төмен, бұрылатын, ұзарып, қысқаратын, сондай-ақ тік осі 
бойынша шыр көбелек айналатын болуы тиіс. 
Тиеу құбырларын әдетте жұмыс радиусы астық тиелетін кеменің бүкіл көлемін қамти 
алатындай етіп орнатады. Көршілес тиеу құбырларының аралығы шамамен 20-25 метр, ал 
биіктіктері 20-22 метр болады. Тиеу құбырлары электрлі шығыршықтар көмегімен 
басқарылады. 
Кемеге астықты тікелей өндірітік ғимараттың өзінен тиеу элеватор желісіне жақын 
орналасқанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Мұндай жағдайда тиеу қораптарын өндірістік 
ғимараттың жоғары жағына орнатады, астықты олардан кеме трюмдеріне тікелей сусыта 
ағызып құяды.


Бұл нұсқадағы тиеу құрылғысының ұтымдылығы мен еңбек өнімділігінің 
жоғарылығына қарамастан оған төмендегідей кемшіліктер тән: 
-элеватордың өндірістік ғимараты жағалауға жақын жағалық жарқабақ үстіне 
орналасқан, мұның өзі үнемі гидротехникалық жұмыстар жүргізу үшін күрделі құрылысқа 
арналған көп шығын жұмсауды талап етеді; 
-тиеу қораптарінің өндірістік ғимараттың жоғарғы бөлігінде орналасуы оның биіктігін 
арттырады, құрылыс жұмыстарын жүргізуді қиындатады, сол арқылы элеватор құрылысын 
салуға кететін жалпы күрелі қаржының көлемін көбейтіп жібереді; 
-өте ұзын (33 метрге дейін жететін) тиеу құбырларын күтіп ұстау біршама 
қиындықтар туғызады. 
Осындай себептерге байланысты нұсқадағы көрсетілген жоба қолданысқа енбеді. 
Порттағы элеваторлар жағалаудан алысқа салынып, жағалауды бойлай немесе теңіз 
ортасындағы көрмеге дейін созылған тиеу құрылғыларымен жабдықталып жүр. Тиеу 
құрылғысын орналастырудың бірінші үлгісін жағалаудағы ойлақ желісі шектеусіз болған 
жағдайда қолданылады, ал екінші үлгіні теңіз порттарында қолданады. 
Кеме трюидері қақпақтарының әртүрлі орналасуы салдарынан астық тиеу 
жұмыстарында қиындықтар кездесуі мүмкін. Сондықтан кейбір жағдайда көлденең 
жылжитын конвейерлер бар. Конвейерлердің ұшында астық өзінен өзі сусып ағатындай тік 
орнатылған құбыр болады, оның төменгі ұшына астық сыпырғы ілінеді. Мұндай құрылғы 
кеме трюмының кез-келген жұмысына астықты механикалық жолмен құюды қамтамасыз 
етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет