Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет62/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СОӨЖ №34-35-36 
Элеватордың астықты қабылдау қондырғылары 
Автомобиль көлігінен астықты қабылдау. Автомобиль көлігінен астықты 
қабылдау-дайындау элеваторының негізгі жұмыстарының қатарына жатады. Қазақстанда 
дайындау элеваторларындағы 95% астам астықты қабылдау мен тиеу жұмыстары жүк және 
темір жол көліктерінің үлесіне тиеді. 
Ақтау қаласының порттық элеваторы су көлігіндегі қабылдау және тиеу жұмыстарын 
біртіндеп .үлкейтіп келеді. Республиканың астық қоймаларында көліктен астықты түсіру 
барлық өлкелердің астық кәсіпорындарында кеңінен қолданылады. Олардың қазіргі кезде 
қолданылып жүрген типтері өте көп. Қабылдау қондырғыларының оперативті жұмысына 
мына факторлар әсер береді: 
- астықтың екпінді келіп түсуі және көлік типтерінің көп болуы; 
- әр түрлі қабылданатын партиялардың саны; 
- астық дәндерінің сапалық көрсеткіштері; 
- көлік аударғыштарының типтері; 
- орналастырылған жабдықтардың техникалық пайдалану дәрежесі. 
Осы келтірілген факторлардың тигізетін әсерлерін ескеріп қабылдау қондырғысына 
қойылатын көлік аударғыштар әмбебап негізінде жұмыс атқаруы тиіс. 
Жүк көлігінен астықты қабылдау қондырғыларының мына түрлері бар: 
-норияның түбіне орналасқан қораптарға астықты түсіру; 
-силос корпусының шеткі транспортерлеріне жақындатып орналасқан қораптарға 
астықты түсіру; 
-жұмысшы ғимаратынан қашық орналасқан көліктен жер астында көлденең 
орналасқан транспортерлер арқылы түсіру қондырғысы
- жұмысшы ғимаратынан қашық орналасқан көліктен жер астында көлбеу орналасқан 
транспортерлер арқылы түсіру қондырғысы; 
- қабылдау қондырғысының қораптары жер астына 0,5-0,7 м тереңдікте орналасқан, 
мамандандырылған нориялар арқылы ауа галереясындағы транспортерлермен 
тасымалданады. 
Әр түрлі көлік аударғыштары бар қондырғылар (1 және 2-суреттерде көрсетілген).


1-сурет. Қабылдау қондырғысы автомобиль аударғыштармен. 1-НПБ-2с; 2-ГУАР-30 


2-сурет. Қабылдау қондырғысы автомобиль аударғыштармен. 1-УРБ-УРВС; 2-АВС-50 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет