Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Су көлігінен қабылдау қондырғылары



Pdf көрінісі
бет64/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Су көлігінен қабылдау қондырғылары 
Су көлігінен астықтықабылдау қондырғыларының түрлері 4-суретте көрсетілген.
 
4-сурет. Су көлігінен астықты қабылдау қондырғылары. 
Мұндағы: а-жағадағы тұрақты конвейерге жүзетін нория аударғышы арқылы; б-
элеватор нориясына жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы; в- жағаға орналасқан 
қораптарға жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы; г-элеватор силостарына жағада 
орналасқан мұнара арқылы; д-жағадағы қозғалатын аударғыш пен конвейерарқылы; е-
элеватор жұмысшы ғимаратының ішінде орналасқан астықты қабылдау үшін тұрақты 
пневматикалық қондырғы арқылы; ж-жұмысшы ғимаратына орналасқан тұрақты 
пневматикалық қондырғы, жағада немесе фарватерге қойылған бойынша (пунктирмен 
көрсетілген); з- жүзетін пневматикалық аударғыш арқылы өзен баржасынан теңіз кемесіне 
астықты аудару 
Су кемелерінен белгілі жергілікті жағдайдың өзіндік ерекшелігіне байланысты 
өздеріне тән нұсқасы бар қабылдау қондырғыларын салады. Мұндай жағдайларға 
жататындар: 
- су кемелерінің суда алатын орны және конструкциялық өзгешеліктері; 
- су деңгейінің кеме тұратын жағасында тұрақты биіктікте болмауы; 
- элеватордың орналасуы су кемелерінің жағада жайғасуымен салыстыр-малы 
жағдайда болуы; 
Су кемелерінің астықты пневматикалық және механикалық әдістермен түсіруге 
болады. Механикаландырылған әдіспен тұрақты түсіретін нориялармен, грейфер 


крандармен және өзінше жүзетін нориясы бар баржалар арқылы атқарылады. Бұл 
қондырғылардың өнімділігі 100 т/сағ шамасы аралығында болады. 
Пневматикалық әдіспен астықты кемелерден түсіруде тұрақты, жаға бойындағы рельспен 
қозғалатын және жүзетін қондырғылар қолданылады. Бұл әдіспен астықты түсіргенде 
электр энергиясы көп шығындалады, 1 тонна астықты түсіру үшін 2,5.....4,0 кВт энергия 
жұмсалады. 
Кемелердің ұзындығына трюмдерінің санына байланысты жағаның бойына 1,2,3 
тұрақты қабылдау мұнараларын орналастырады. Бір мұнараның өнімділігі 25,50 және 100 
т/сағ шамасына дейін болады. Олардың жалпы өнімділігі 300 т/сағ шамасына жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет