Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

5. Карбамидті концентратты дән қоспасы (70-80%), карбамид (15-25) және натрий 
бентониті –бентонит сазынан (5-7) жасайды.
Карбамид (NH
2
)
2
CO- ақ, кристалды зат, иіссіз, ащы дәмі бар, суда жақсы ериді, 46% азот 
сақтайды. Химиялық өндіріс оны кристал және түйіршік күйінде шығарады.
Карбамид концентрат өндірісінің технологиялық үдерісі мына желілерден тұрады: дәнді 
дақылды, карбамид, бентонитті дайындау; құрауыштарды мөлшерлеу; араластыру
қоспаны экструдерлеу; алынған концентратты суыту; концентратты ұнтақтау; өнімді 
қаптау және жөнелту (5-сурет).


5-сурет. Карбамидті концентрат өндірісінің принципиалды сызбасы 
Дәнді дақылды тазалау астық тазалағыш машинада жүргізіледі, металды қоспа 
электрлі-магнитті сепараторда тазаланады. Бөтен қоспалардан тазаланған дәнді дақыл 
балғалы ұнтақтағышта ұнтақталады. Ұнтақталған дақылдың ірілігі: Ø3мм електегі қалдық 
10% аспауы керек.
Карбамидті дайындау желісінде карбамидті қаптан босатқыш машинада босатып
қопсытып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа жібереді. 
Бентонитті дайындау желісінде бентонит қаптан босатқыш машинада А-БПК қаптан 
босатылып, мөлшерлегіш алдындағы қорапқа түседі. 
Дайын құрауыштарды мөлшерлеу көп құрамды таразылы мөлшерлегіште жүзеге 
асады. Араластыру көлденеңді кезеңмен жұмыс істейтін араластырғышта араластырылады. 
Экструдерлеу экструдерде жүргізіледі, яғни қысу және үйкелу күшінің әсерінен қоспа 
крахмалдың клейстерлену температурасына дейін қыздырылып, карбамид ериді. 
Карбамидтің өзін жеке құрама жемге қосуға болмайды, ол тез ыдырап кетіп, мал улануы 
мүмкін. Сондықтан синтетикалық мочевинаны тиімді қолдану үшін оны көмірсулы 
құрауыштармен қосып, азыққа біркелкі енуін, мал қарнында гидролиздену жылдамдығын 
азайту керек.
Карбамидті концентрат 40-80 % шикі протеин сақтайды, сондықтан құрама жемге 
табиғи ақуызды құрауыштардың орнына енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет