ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТIК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ
Педагогикалық тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік
нұсқаулық
(3, 4 курстар үшін)
Шымкент – 2023 ж.
Педагогикалық практикаға арналған тапсырмалар
Практикалық тапсырма 1. Ашық тәрбие сағатын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу
Оқу нәтижелері:
1. Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын мақсат,
міндеттерін анықтады;
2. Тәрбие сағатының міндетіне сай, оның мазмұнына қатысты материалдар жасайды;
3. Тәрбие сағатының дайындау және өткізудің жоспарын құрастырады;
4.
Көрнекілік құрылысын, музыкалық шығармаларын таңдайды;
5. Тәрбие сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен
мұғалімдері шақырудың тиімділігін анықтайды;
6. Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін,
орнын
анықтайды;
7. Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағаттарынан алынған
мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастырады.
Нұсқаулық:
- тәрбиелік іс - шара тақырыбы сынып жетекшісінің тәрбиелік жоспарына сәйкес болуы
керек, оның дәлелі үшін сынып жетекшісінің тәрбие жоспарынан көшірме болу керек;
- тәрбиелік іс- шара тақырыптары сыныптарына қарай түрліше болуы тиіс;
- тәрбиелік іс- шараның мақсатын нақты белгілеңіз. (Мысалы,
адамгершілік тақырыпта
болса, қандай адамгершілік қасиет сапаларды түсіндіруді, қалыптастыруды мақсат етіп отырсыз);
- тәрбиелік іс- шара кезеңдеріне сәйкес болуы керек, яғни әр бір кезеңде орындалатын іс
әрекетке жауап болуы тиіс;
- өткізіліген тәрбиелік іс- шараға талдау жасау қажет (кері байланыс). Мұнда тәрбиелік іс -
шара
қалай өтті, тақырып бойынша көзделген мақсатқа жетті ме, жеткен болса,
оны қалай
дәлелдейсіз, жетпесеңіз нендей себептерге байланысты жете алмадыңыз, жету үшін қандай
жағдайлар, шарттар, әдіс - тәсілдер қажет еді т.б
- сабақтың нәтижесі сияқты тәрбиелік іс-шараның жоғарыда белгілеген мақсаттарына сәйкес
нәтижесін көрсетіңіз, оқушыларда іс - шара бойынша қандай қасиет - сапалар қалыптасу керек еді
және олар қалыптасты ма немесе қалыптастыруға бет бұрды ма, Сіз оны қалай байқадыңыз және
бағаладыңыз.