Оқу нәтижелері: 1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
2. Оқушының қабілеті айқындалады;
3. Талпынысы, ұмтылысы байқалады;
4. Күрделі тапсырмаларға байланысты оқушының ойлау қабілеті артады;
5. Деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады, деңгейі анықталады;
6. Оқушылар бір-бірінен қалмауға тырысады.
Мазмұны: Ашық (бақылау) сабақтар өткізу тәжірибесі білім беруде кеңінен қолданылады. Практикант
үшін сабақты ұйымдастырудың осындай әдістемелік формасы өзінің шеберлігі мен шығармашы-
лық ізденістерін көрсету құралы ретінде қызмет етеді. Ашық (бақылау) сабақтар педагогикалық
тәжірибе алмасуға және жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласындағы жаңалықтарды насихат-
тауға ықпал етеді.
Ашық сабақта заманауи педагогикалық технологияларды тиімді қолдану
- пән бойынша дайындалып, бекітілген ҚМЖ-дағы нақты педагогикалық әдістерге қосымша
заманауи педагогикалық әдістемелерді қолдануда кәсіби құзыреттілікті көрсете алуы;
- төменде көрсетілген технологиялардың ішінен немесе басқа да педагогиакалық техноло-
гиялардың біреуін немесе бірнешеуін сабақты ұтымды ұйымдастыру мен түсіндіруде қолдануы:
1. Ақпараттық-коммуникациялық технология
2. Сыни ойлауды дамыту технологиясы
3. Жобалау технологиясы
4. Дамытушылық оқыту технологиясы
5. Проблемалық оқыту технологиясы
6. Ойын технологиясы
7. Модульдік технология
8. Интеграцияланған оқыту технологиясы
9. Ынтымақтастық педагогикасы.
10. Топтық технологиялар.
Қажетті
- пән бойынша оқу материалдары;
- көрнекі құралдар;
- сабақ конспектісі;
- техникалық оқу құралдары.
Нұсқаулық 1-қадам Ашық (бақылау) сабақ өткізу уақыты бойынша мектеп әкімшілігімен және әдістемелік
кеңестермен келісу. Бұл іс-шараның өткізілетін күні алдын-ала анықталып, бұл туралы барлық
мүдделі тараптарға хабарлануы керек.