Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап


-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау



бет4/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау

Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
30-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын қадағалау

Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау және өтеу заңдылығының сақталуын жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.

Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
31-бап. Қоғамдық бақылау

1. Қоғамдық байқау комиссиялары және ұлттық алдын алу тетігі қызметі нысанындағы қоғамдық бақылау осы Кодекстің 8 және 9-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Мыналар қоғамдық бақылау қағидаттары болып табылады:

1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;

2) заңдылық;

3) объективтілік;

4) азаматтардың қатысу еріктілігі;

5) жазаны орындау жағдайларын ескере отырып, іс-шаралар мен нәтижелердің ашықтығы мен айқындылығы;

6) кезеңділік пен жеделдік;

7) нәтижелерді жазбаша құжаттау міндеттілігі;

8) мемлекеттік билік органының қоғамдық бақылаудың нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды ұсынуға ден қою міндеттілігі;

9) азаматтың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысуына байланысты оны қудалауға тыйым салу.

3. Мыналар қоғамдық бақылаудың міндеттері болып табылады:

1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің нормативтік құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасын жетілдіру кезінде қоғамдық мүдделерді ескеруге жәрдемдесу;

2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жұртшылық үшін айқындылық деңгейін арттыру;

3) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру;

4) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;

5) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ олардың жоғары тұрған органдары қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу.


32-бап. Мекемелерге бару

1. Мекемелерге арнайы рұқсатсыз:

1) Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Қазақстан Республикасы Парламентiнің депутаттары, сондай-ақ тиiстi әкімшілік-аумақтық бірлік шегiндегі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;

3) нақты істер бойынша іс жүргізу барысында судьялар;

4) қылмыстық-атқару жүйесiнiң жоғары тұрған органдарының қызметкерлерi;

5) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл;

6) осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары;

7) Бала құқықтары жөніндегі уәкіл баруға құқылы.

2. Қоғамдық байқау комиссияларының мүшелері осы Кодексте көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыруына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекемелерге барады.

3. Бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнің, діни бірлестіктердің дін қызметшілерінің және өзге де адамдардың мекемелерге осы мекемелер әкiмшiлiгiнiң не олардың жоғары тұрған органдарының арнайы рұқсаты бойынша ғана баруға құқығы бар.

4. Күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қауiпсiздiгi мен күзетiн қамтамасыз ететін объектiлерде кино-, фото- және бейнетүсiру жүргізу мекемелер әкiмшiлiгiнiң рұқсатымен жүзеге асырылады. Бұл талап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданылмайды.

5. Сотталғандарды кино-, фото- және бейнетүсiру, олармен сұхбат жүргiзу, оның iшiнде аудио-, бейнетехника құралдарын пайдалана отырып жүргiзу олардың келiсiмiмен жүзеге асырылады.

6. Мекемелерге бару қағидаларын қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 09.04.2016 № 501-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет