Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап


-тарау. ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТIГI



бет7/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

9-тарау. ҰЛТТЫҚ АЛДЫН АЛУ ТЕТIГI

Ескерту. 9-тараудағы "Адам құқықтары жөніндегі уәкіл", "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің", "Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді", "Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен", "Адам құқықтары жөніндегі уәкілге" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен", "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге" деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


39-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi

1. Ұлттық алдын алу тетiгi ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметі арқылы жұмыс істейтін, азаптаудың және қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын басқа да қарекеттер мен жазалау түрлерiнiң алдын алу жүйесі түрінде қолданылады.

2. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары өз қызметі шеңберінде жазаны орындайтын мекемелер мен органдарға барады.

3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, сондай-ақ Үйлестіру кеңесі іріктейтін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қоғамдық байқау комиссияларының және қоғамдық бiрлестiктердiң мүшелерi, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, дәрігерлер ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушылары болып табылады.

4. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қызметін үйлестіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының қажетті әлеуеті мен кәсіптік білімін қамтамасыз ету үшін шаралар қолданады.

5. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.


40-бап. Үйлестіру кеңесі

1. Ұлттық алдын алу тетiгiнің қызметін тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанынан Үйлестіру кеңесі құрылады.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді қоспағанда, Үйлестіру кеңесінің мүшелерін Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл құратын комиссия Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан сайлайды.

2. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл:

1) Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің жанындағы Үйлестіру кеңесі туралы ережені;

2) ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларын іріктеу тәртібін;

3) алдын ала бару үшін ұлттық алдын алу тетiгiнің қатысушыларынан топтар құру тәртібін;

4) алдын ала бару жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды;

5) алдын ала бару қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау тәртібін бекітеді.

3. Үйлестіру кеңесі Біріккен Ұлттар Ұйымы Азаптауға қарсы комитетінің азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу жөніндегі кіші комитетімен өзара іс-қимыл жасайды.


41-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар

1. Мыналар:

1) заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікті немесе айыпталушы;

3) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған;

4) судьялар, адвокаттар, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

5) психиатрда және (немесе) наркологта есепте тұрған адамдар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бола алмайды.

2. Қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9) – 12) тармақтары және 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған, терiс себептер бойынша мемлекеттiк немесе әскери қызметтен, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттiк органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған, адвокаттық қызметпен айналысуға берiлген лицензиядан айырылған адамдар да ұлттық алдын алу тетiгiнiң қатысушылары бола алмайды.

Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет