Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет107/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

224-бап. Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыру
1. Қаржы пирамидаларының қызметін ұйымдастыру және басшылық жасау, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
б) ірі мөлшерде табыс алумен жасалған болса;
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
а) қылмыстық топ;
б) аса ірі мөлшерде табыс алумен жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
225-бап. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру
1. Қылмыстардан түскен табысты білдіретін мүлікті айырбастау немесе аудару түрінде мәмілелерді жасау арқылы заңсыз жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңды айналымға тарту, егер мұндай мүлік қылмыстардан түскен табысты білдіретіні белгілі болса, мүлікке немесе оның тиесілі құқықтарының түпнұсқа сипатын, көзін, орналасқан жерін, иелік ету, ауыстыру тәсілдерін жасыру немесе жасырып қалу, сол сияқты осы мүлікті иелену және пайдалану, немесе заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыруға делдалдық ету, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
б) бірнеше мәрте;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:
а) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам,егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар;
б) қылмыстық топ;
в) iрi мөлшерде жасаған болса, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал а)- тармағында көзделген жағдайларда белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
Ескерту. Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе мүлікті заңдастыру дайындалып жатқаны не жасалғаны туралы өз еркімен мәлімдеген адам, егер оның іс-әрекетінде осы баптың екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген қылмыстар немесе өзге де қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет