Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет109/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

228-бап. Монополистiк қызмет
1. Нарық субъектiлерiнiң монополиялық жоғары (төмен) немесе келiсiлген бағаларды белгiлеуi және (немесе) ұстап тұруы, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектiсiнен сатып алынған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) қайта сатуға аумақтық белгiсi, сатып алушылар тобы, сатып алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгiлеуi, тауар нарықтарын аумақтық белгiсi, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) ассортиментi, олардың өткiзiлу немесе сатып алыну көлемi, сатушылар немесе сатып алушылар тобы бойынша бөлуi, сондай-ақ бәсекелестiктi шектеуге бағытталған өзге де әрекеттер, егер олар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе не нарық субъектiсiнiң iрi мөлшерде табыс табуымен ұштасқан болса, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған дәл сол әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) қылмыстық топ;
б) күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жойып немесе бүлдiрiп не оның мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгiлерi жоқ әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет