Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет106/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

222-бап. Жалған кәсіпкерлік
1. Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру және/немесе қайта ұйымдастыру не басқа заңды тұлғалардың өз шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) үшінші тұлғаларға сатып алу, сол сияқты оларға іс жүзінде басшылық ету, -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттердi:
а) бiрнеше рет;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша жасаса;
в) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп үш мыңнан жеті мыңға дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет, -
мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
223-бап. Іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, мәміле (мәмілелер) жасасуы
1. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің іс жүзінде бір мың айлық есептік көрсеткіштен артық сомаға жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп жібермей, шот-фактурадан үзінді көшірме бойынша әрекеттерді жасауы, -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
а) бірнеше рет;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша;
в) он мың айлық есептік көрсеткіштен артық сомаға
г) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам, егер оларды өз қызмет бабын пайдаланумен ұштастырып жасаса, -
мүлкі тәркіленіп бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға, ал г) тармағында көзделген жағдайларда - белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекет, -
мүлкі тәркіленіп алты жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет