Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
330-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс істеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы 1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық немесе биологиялық заттарды өндiрген, тасымалдаған, сақтаған, көмген, пайдаланған немесе өзге де жұмыс iстеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер қоршаған ортаға елеулі зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса немесе адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соқса, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Қоршаған ортаға ірі зиян келтiген не келтіруге әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекет, - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қоршаған ортаға аса ірі зиян келтіруге не адам өліміне адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекеттер, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екі жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 331-бап. Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс iстеген кезде экологиялық талаптардың бұзылуы 1. Микробиологиялық немесе басқа да биологиялық агенттердi немесе токсиндердi жинап қою, жою немесе көму кезiнде экологиялық талаптарды бұзу немесе оларды Қазақстан Республикасына ұқсату, сақтау немесе көму үшiн заңсыз өткізу, егер осы әрекеттер қоршаған ортаға елеулі зиян келтірсе, не келтіруге әкеп соқса немесе адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқса, - үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Қоршаған ортаға ірі зиян келтірген әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер, - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қоршаған ортағы аса ірі зиян келтіруге не адам өлiмiне немесе адамдардың жаппай сырқаттануына әкеп соққан әрекеттер, - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.