Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет168/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

357-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн қағидаларды бұзу
1. Жолаушының, жаяу жүргіншінің немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (көлік құралын басқарушы адамнан басқа) жол қозғалысы қауiпсiздiгi немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет, -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет, -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
358-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату
Поезды стоп-кранмен не ауа тежегiш магистральдарын ажырату жолымен немесе өзге тәсілмен, қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
359-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу
1. Жол, құрылыс және басқа да ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалануға, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың көлiкте қолданылатын тәртiпті сақтауды және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекет, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет, -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет