Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет171/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

364-бап. Адамның масаң күйiнде әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын кемені масаң күйдегі адамның басқаруына беру немесе басқаруына рұқсат ету
1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаң күйiнде әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын кемені басқаруы не алкогольдік, есiрткi немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға осындай кемені басқаруға беру, сол сияқты алкогольдік, есiрткi немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамға осындай кемені басқаруға лауазымды тұлғаның, меншік иесінің, не осы кеменің меншік иесінің рұқсат етуі, -
екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Абайсызда адам денсаулығына орташа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол әрекеттер, -
бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер, -
алты жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер, -
жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер, -
он жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет