Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет174/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

368-бап. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану
1. Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк функциялар атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен анық асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекет жасауы, -
үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет, -
бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттiк лауазымдағы адам жасаған әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
в) өзiне немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалған әрекет, -
өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
369-бап. Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену
Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемденуi және соған байланысты оның жасаған іс-әрекетi азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулi түрде зиян келтіруге әкеп соқса, -
үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет