Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет40/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

64-бап. Шартты түрде соттау
1. Егер онша ауыр емес және орташа ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда, сот сотталған адамның бас бостандығынан айырылмай түзелуi мүмкiн деген қорытындыға келсе, ол тағайындалған жазаны шартты деп санауға қаулы шығарады.
2. Шартты түрде соттау қолданылған жағдайда сот жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiн, айыптының жеке басын, соның iшiнде жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайларды ескередi.
3. Шартты түрде соттау тағайындалған кезде сот осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің ережелері бойынша бас бостандығынан айырудың барлық тағайындалған мерзіміне, ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге пробациялық бақылау белгiлейдi.
Шартты түрде сотталғандағы пробациялық бақылау кезеңінде кішігірім немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.
4. Шартты түрде соттау кезiнде шектеулердің және жазаның мүлiктi тәркiлеуден басқа қосымша түрлерi қолданылуы мүмкiн.
5. Кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкiн.
6. Қылмыстардың қауiптi, аса қауiптi түрде қайталануы, адамды сыбайлас жемқорлық қылмысы, террористік қылмыс, экстремистік қылмысы, қылмыстық топ құрамында жасаған қылмысы, жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін соттаған кезде шартты түрде соттау қолданылмайды.
65-бап. Шартты түрде соттаудың күшiн жою
1. Егер шартты түрде сотталушы пробациялық бақылау мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң түзелгенiн дәлелдесе, шартты түрде сотталушының мiнез-құлқына пробациялық бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша сот шартты түрде сотталудың күшiн жою және сотталған адамнан соттылықты алып тастау туралы қаулы ете алады. Бұл ретте шартты түрде сотталудың белгiленген сынақ мерзiмiнiң кем дегенде жартысы өткен соң күшi жойылуы мүмкiн.
2. Шартты түрде сотталған адам:
а) өзiне сол үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртіп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға қол сұғатын және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған;
б) электрондық бақылау құралдарын қасақана зақымдаған (бүлдірген), не дәлелсіз себептермен тіркелуге келмеген немесе пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның рұқсатынсыз тұрғылықты жерін ауыстырған;
в) теріс қылық жасаған жағдайларда, сот пробациялық бақылау жасауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша пробациялық бақылау жасауды бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарта алады.
3. Шартты түрде сотталған адам соттың өзіне жүктеген міндеттерін орындамаған не осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сот осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген органның ұсынымы бойынша шартты түрде соттаудың күшін жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады, ал кәмелетке толмаған сотталғанға қатысты бір жылдан аспайтын мерзімге пробациялық бақылау мерзімін қайтадан ұзарта алады..
4. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде абайсызда қылмыс жасаған не кішігірім қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам кішігірім, орташа ауыр қылмыс жасаған жағдайда шартты түрде соттаудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот жаңа қылмыс үшiн жаза тағайындалған кезде шешедi.
5. Шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзiмi iшiнде - орташа ауыр қасақана қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс, ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда сот шартты түрде сотталудың күшiн жойып, оған қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындайды. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда да жаза осы қағидалар бойынша тағайындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет