Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет44/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

73-бап. Жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату
1. Сот егер өзінің түзелуі үшін оның тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейтінін танитын болса, сот бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамды осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуы мүмкiн.
Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімдерді іс жүзінде өтегеннен кейін, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген және ол жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзбаған жағдайда, жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуға жатады.
Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының өтелмеген қалған бөлiгi iшiнде сот осы Кодекстің 45-бабы екінші бөлігінің ережелері бойынша пробациялық бақылауды белгілейді.
3. Жазадан шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату сотталған адам:
а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;
б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;
в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде-мерзiмiнен босатудың күші осы баптың алтыншы бөлігінің а), б) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
г) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің в), д) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің в), д) тармақтарында көзделген қылмыстары үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталушының нақты өтеу мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.
5. Сот тағайындаған өмiр бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот ол бұл жазаны одан әрi өтеудi қажет етпейдi деп таныса және кемiнде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн.
6. Мерзiмiнен бұрын шартты түрде босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:
a) бiрнеше рет әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, ол үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою және жазаның өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;
б) қылмыс абайсызда жасалса, егер кәмелетке толмаған, жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және одан асқан әйел мен алпыс үш жастағы және одан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек кішігірім ауырлықтағы қылмысты қасақана жасаса, сот жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезiнде мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот шешедi. Егер сот шартты-мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау ережелері бойынша тағайындалады.
в) қылмыс қасақана жасалса, осы бөліктің б) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.
7. Шартты мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түрінде жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамға, адамдардың қаза табуына әкеп соқтырған не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмысы, жас балаларға жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасаған қылмысы үшін, сондай-ақ осы баптың алтыншы бөлігінің а), б) тармақтарында көзделген негіздер бойынша мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуды қолданудың күші жойылған жағдайларды қоспағанда, бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет