Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет86/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

179-бап. Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерлер) құру
Жалдамалыларды дайындайтын базалар (лагерлер) құру не осы мақсаттарда үй-жайлар немесе жер учаскесін беру -
мүлкі тәркіленіп бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
180-бап. Халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау
1. Шетелдiк мемлекеттiң өкiлiне немесе халықаралық қорғау аясындағы халықаралық ұйымның қызметкерiне немесе онымен бiрге тұратын оның отбасы мүшелерiне, сондай-ақ халықаралық қорғау аясындағы адамдардың қызметтiк немесе тұрғын үй-жайларына не көлiк құралдарына шабуыл жасау, сол сияқты осы азаматтарды ұрлау немесе бас бостандығынан күштеп айыру, -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану, не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған, не денсаулыққа ауыр зиян келтiрумен ұштасқан, сол сияқты соғысқа арандату немесе халықаралық жағдайды шиеленiстiру мақсатында жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған немесе қылмыстық топ жасаған әрекет, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
181-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни араздықты қоздыру
1. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни араздықты қоздыруға, азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадiр-қасиетiн не дiни сезiмдерiн қорлауға бағытталған қасақана iс-әрекеттер, сол сияқты азаматтардың дiнге көзқарасына, тектiк-топтық, ұлттық, рулық немесе нәсiлдiк қатыстылығы белгiлерi бойынша олардың айрықшалығын, артықшылығын немесе кемдiгiн насихаттау, егер осы әрекеттер көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пайдалана отырып, сол сияқты әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни араздықты немесе алауыздықты насихаттайтын әдебиетті немесе өзге де ақпарат жеткiзгiштердi тарату жолымен жасалса, -
екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобымен, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен немесе бiрнеше рет жасалған, немесе күш көрсетумен не оны қолданамын деп қорқытумен ұштасқан, сол сияқты өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, қоғамдық бiрлестiктiң жетекшiсi жасаған әрекет,-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған, не ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет