Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет88/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

184-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi - Елбасының өмiрiне қол сұғушылық
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау, не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, —
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
185-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне қол сұғушылық
Қазақстан Республикасы Президентiнiң өмiрiне оның мемлекеттiк қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау, -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
186-бап. Билiктi күшпен басып алу немесе билiктi күшпен ұстап тұру не Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдары мен лауазымды адамдарының құзырына кiретiн өкiлеттiктердi шет мемлекет немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы
1. Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып, билiктi күшпен басып алуға немесе билiктi күшпен ұстап тұруға бағытталған, сол сияқты Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге бағытталған iс-әрекеттер, -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының, оның уәкiлеттi органдарының немесе лауазымды адамдарының құзырындағы өкiлеттiктердi шетелдік мемлекет, халықаралық немесе шетелдiк ұйым өкiлдерiнiң жүзеге асыруы, -
жеті мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
187-бап. Қарулы бүлiк
1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын құлату немесе күштеп өзгерту не Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзу мақсатында қарулы бүлiк ұйымдастыру не оған белсендi түрде қатысу -
он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қарулы бүлікке қатысу -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет