Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет85/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

175-бап. Халықаралық шарттармен қорғалатын белгілерді заңсыз пайдалану
Соғыс қимылдары уақытында халықаралық шарттарға қарамастан, Қызыл крест, Қызыл жарты ай, Қызыл Кристалл эмблемаларын, немесе мәдени құндылықтарға арналған қорғаныш белгілерін, немесе халықаралық құқықпен қорғалатын өзге де белгілерді әдейі пайдалану, не дұшпан немесе бейтарап мемлекеттің мемлекеттік туын немесе мемлекеттік айырым белгілерін немесе халықаралық ұйымның туын немесе белгісін пайдалану -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
176-бап. Геноцид
1. Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Соғыс уақытында жасалған дәл сол әрекеттер -
он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына жазаланады.
177-бап. Экоцид
Өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты немесе төтенше экологиялық ахуалды туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау -
он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
178-бап. Жалдамалылық
1. Жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе нұқсан келтіруге бағытталған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерде пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзу,-
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе нұқсан келтіруге бағытталған өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерге қатысуы не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуы,-
жеті жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет