Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет90/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

190-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру
Ұлттық, тектік, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -
екі жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
191-бап. Диверсия
Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға, не өлiм жазасына жазаланады.
192-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету
1. Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау, сол сияқты оларды заңсыз тарату, мемлекеттік опасыздық немесе шпиондық белгiлерi болмаған жағдайда -
үш жылға дейінгі мерзімге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамның өзiне сенiп тапсырылған немесе қызмет, жұмыс бабымен не заңда көзделген өзге де негіздермен мәлiм болған мемлекеттiк құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуi, мемлекеттік опасыздық белгiлерi болмаған жағдайда -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер олар iрi залал келтiруге немесе өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса,-
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет