Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет92/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

196-бап. Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету
1. Иеленiп алу немесе ысырап ету, яғни кiнәлi адамға сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ұрлау -
мүлкі тәркіленіп бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленіп үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi, егер оларды:
а) iрi мөлшерде жасаған болса -
б) мемлекеттiк функцияларды атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал б) тармағында көзделген жағдайларда өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер:
а) оларды қылмыстық топ жасаса;
б) олар аса iрi мөлшерде жасалса, -
белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруға немесе онсыз, мүлкi тәркiленiп жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет