Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет201/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

428-бап. Көрiнеу жалған айғақтар беру, сарапшының, маманның жалған қорытындылары немесе қате аудару
1. Сотта не сотқа дейінгі тергеу барысында куәгердің, жәбірленушінің көрінеу жалған айғағы, немесе сарапшының, маманның қорытындысы, сол сияқты сондай жағдайларда, сондай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау кезінде аудармашы жасаған көрінеу дұрыс емес аударма, -
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан не пайдакүнемдiк мақсатта жасалған дәл сол әрекеттер, -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады.
429-бап. Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң жауап беруден бас тартуы
Куәгердiң немесе жәбiрленушiнiң сотта немесе сотқа дейінгі тергеу барысында жауап беруден бас тартуы -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Адам өзiне, өзiнiң жұбайына (зайыбына) немесе өзiнiң туыстарына қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн, сондай-ақ дiни қызметшiлер сенiп сырын ашқан дiндестерiне қарсы, медиаторлар - медиацияға байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы және адамдарға қарсы, ұлттық превентивті механизмге қатысушылар - қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелердегі адамдармен әңгімелесу барысында өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы және адамдарға қарсы жауап беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауаптылыққа жатқызылмайды.
430-бап. Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету
1. Куәгердi, жәбiрленушiнi олардың жалған жауап беруi мақсатында не сарапшыны оның жалған қорытынды немесе жалған жауап беруi мақсатында, сол сияқты аудармашыны оның бұрыс аударманы жүзеге асыруы мақсатында сатып алу -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Куәгердi, жәбiрленушiнi жалған жауап беруге, сарапшыны жалған қорытынды беруге немесе аудармашыны бұрыс аударуды жүзеге асыруға мәжбүр ету, сол сияқты аталған адамдарды бопсалаумен, өлтiремiн, денсаулығына зиян келтiремiн деп осы адамдардың немесе олардың туыстарының мүлкiн жоямын деп қорқытумен ұштасқан, жауап беруден жалтаруға мәжбүр ету, -
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiпсiз күш қолданылып жасалған әрекет, -
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ не аталған адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi күш қолданылып жасалған, сол сияқты сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасады деп айыпталуына байланысты әрекеттер, -
екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет