Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
447-бап. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтiк мiндеттерiн бұзуға мәжбүр ету 1. Бастыққа, сол сияқты әскери қызмет бойынша өзiне жүктелген мiндеттi атқарушы өзге адамға қарсылық көрсету немесе оны осы мiндеттердi бұзуға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету, - бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; б) қару немесе арнайы құралдар қолданып жасаса; в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, - үш жылдан он жылға дейнгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасаған, сол сияқты адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады. 448-бап. Бастыққа қатысты күш қолдану iс-әрекеттерi 1. Бастықтың әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде немесе осы мiндеттердi атқаруына байланысты оған қатысты жасалған ұрып-соғу, денсаулыққа жеңiл зиян келтiру немесе өзге күш қолдану, - Бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Дәл сол әрекеттер: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса; б) қару қолданып жасаса; в) денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, - үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ ұрыс жағдайында немесе төтенше жағдайлар кезінде жасаған, сол сияқты адам өліміне әкеп соқтырған әрекеттер, - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, соғыс уақытында жасалған әрекеттер, - он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға, не өмір бойы бас бостандығынан айыруға, не өлім жазасына жазаланады.