Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет43/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

72-бап. Ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
1. Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:
а)теріс қылық жасағаннан кейін бір жыл;
б) кiшiгiрім қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;
в) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл; ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;
г) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл;
д) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн жиырма жыл.
2. Ескiру мерзiмi қылмыстық құқық бұзушылық жасаған күннен бастап және сот үкiмi заңды күшiне енген кезге дейiн есептеледi.
3. Теріс қылықтар бойынша ескiру мерзiмiнiң өтуi жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалуына қарамастан тоқтатыла тұрмайды және тоқтатылмайды.
4. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарылса, ескiру мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады. Бұл жағдайда ескiру мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi ескiру мерзімі тоқтатылмаса және мынадай мерзімдер:
а) кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс.
Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Өзге жағдайларда, ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.
5. Осы Кодекс бойынша өлім жазасы немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін қылмысты жасаған адамға талап қою мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Егер сот талап қою мерзімінің бітуіне байланысты адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылады, ал өмір бойына бас бостандығынан айыру жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.
6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар, сыбайлас жемқорлық қылмыстары, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптауға, жас балаларға жыныстық тиіспеушілігіне қарсы, сондай-ақ жеке адамға, мемлекеттің конституциялық құрылысы негіздеріне және қауіпсіздігіне қарсы, экономикалық қызмет саласында, қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет