Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет45/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

74-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру, не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту
1. Кiшiгiрiм, орташа ауырлықтағы және ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адамға, ол қылмыспен келтірілген залалдың орнын толық толтырған және жазаны өтеудің белгіленген тәртібін әдейі бұзбаған жағдайда, сот жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырады. Бұл ретте адам, өмір бойы бас бостандығына айыру үшін тағайындалатын жазаны қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру адамдардың қаза табуына әкеп соқтырған не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмысы, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасаған қылмысы, жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы жасаған қылмысы үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды.
3. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен не бас бостандығынан айырудың бiр күнi үшiн бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен айыппұл салуды таңдап алуы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген зиянды толық өтеу болып табылады.
4. Ауыр емес, орташа ауыр немесе ауыр қылмыс жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер ол жазасын өтеп жүрген кезеңде қылмыстық топ жасаған қылмысты ашуға және тергеуге ықпал еткен жағдайда жазасының өтелмеген бөлігін сот кемінде жарты мерзімге қысқарта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет