Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану»


ІІ кезең аудандық іріктеуден үздік шыққан 5 оқушы облыстық іріктеу сайысына қатысады. ІІІ кезең



бет2/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,51 Kb.
#80389
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ясауитану байкау 2023 ереже

ІІ кезең аудандық іріктеуден үздік шыққан 5 оқушы облыстық іріктеу сайысына қатысады.
ІІІ кезең облыстық іріктеу сайысынан үздік шыққан 5 оқушы Республикалық сайысқа қатысуға жолдама алады.
2. 2. Облыстық іріктеу сайысын өткізу тәртібі
1. Облыстық іріктеу турына аудандық іріктеуден жеңіп шыққан төрт оқушыға дейін қатыса алады.
2. Облыстық іріктеулер «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы бекіткен осы Қағида негізінде ұйымдастырылады.
3. Облыстық сайыста қойылатын билет сұрақтары www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланған талаптарымен сәйкес келуі тиіс.
4. Облыстық байқауда, сонымен қатар Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалалық байқауларында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар байқаудың Республикалық кезеңіне қатысады.


2.3. Республикалық сайысты өткізу тәртібі
1. Республикалық «Ясауитану» байқауына қатысып жүлделі (бас жүлде, 1,2,3) орындарды иеленген оқушылар екінші рет байқауға қатыса алмайды.
2. Республикалық байқау қазақ тілінде өтеді.
3.Республикалық байқаудың хикметтері мен билет сұрақтары музей-қорықтың www.azretsultan.kz веб-сайтына жарияланады.
4. Республикалық «Ясауитану» байқауы осы қағиданы басшылыққа ала отырып өткізеді.


3. Республикалық сайыс екі кезеңнен тұрады.


І кезең
Сайысқа қатысушылар жеребе бойынша бірнеше топқа бөлініп, әр топ кезекпен сахнаға шығып сынға түседі. Байқауға қатысушылардың алдын-ала берілген хикметтерді қай деңгейде жаттағанын анықтау мақсатында сайысты жүргізуші хикметтен үзінді айтып, ары қарай кез-келген бір қатысушыға, тоқтаған жерден жалғастырып әкетуді бұйырады. Ол бір немесе бірнеше шумақты жаңылыспай айтқаннан кейін, жүргізуші келесі бір сайыскерге хикметті үзілген жерінен іліп алып, кідірмей жалғастырып кетуді сұрайды. Жүргізуші осылай жас сайыскерлерден қырық хикметті кездейсоқ ретпен түгелдей сұрап шығуы тиіс. Бұл сында кідіріп тоқтап қалған, хикметті ұмытып қалған, қателесіп хикмет ретінен жаңылған қатысушының бір балы шегеріліп отырады. Сайыс барысында қатысушыларға үш рет қателескенге дейін мүмкіндік беріледі. Үш рет қателескен оқушы сайыстан шығады. Бірінші кезең қатысушылардың жартысы (1/2) шығып қалғанша жалғасады. Сайыскерлерге қазылар алқасы 10 балдық бағалау жүйесі бойынша баға береді.
І кезеңде еш мүдірмей, қатесіз айтып шыққан хикметшіге 10 балл қойылады. 1 рет мүдірген сайыскерге 9 балл қойылады. 2 рет қателескен қатысушыға 8 балл беріледі. 3 рет қателескен қатысушы жарыстан шығарылады.
І кезеңнің мақсаты – оқушылардың хикметтерді қаншалықты деңгейде игергендігін, зейін мен зерде қабілетін анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет