Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі «Ясауитану»


«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында сұрақтар қамтылады



бет4/5
Дата07.04.2023
өлшемі23,51 Kb.
#80389
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ясауитану байкау 2023 ереже

4.5 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында сұрақтар қамтылады.
4.6 Түркістан өңіріндегі тарихи-мәдени мұралар


5. Жұмыс органдары
5.1. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру жұмыстарын «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы құрған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
5.2. Ұйымдастыру комитетінің құрамына қорық-музейдің жауапты қызметкерлері, Ясауитанушы ғалымдар, т.б. тұлғалар кіреді.
5.3. Дәстүрлі «Ясауитану» Республикалық байқауының ұйымдастыру комитеті:
1) Байқауды өткізудің жалпы тәртібін белгілейді;
2) Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
3) Байқаудың қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады;
4) Байқау материалдарын баспасөзде жариялайды;
5) Байқау туралы толық мәліметтерді www.azretsultan.kz сайтынан алуға болады.


6. Байқаудың қазылар алқасы мен оқушыларға қойылатын талаптар
6.1 Қазылар құрамына қойылатын талаптар:
1. Қазылар алқасы 5 адамнан тұрады.
2.Ұйымдастырушы орган – «Әзірет Сұлтан» музей-қорығы директоры немесе оның орынбасары байқау қазыларының төрағасы болып табылады.


6.2 Байқауға қатысушы оқушыларға қойылатын талаптар
1. Әр облыстан және Астана мен Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларынан алдын-ала іріктеуден өткен 5 оқушы Республикалық байқауға қатысады.
2. Республикалық байқауға қатысу туралы өтініш облыстық және қалалық білім бөлімдері арқылы ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына (төменде көрсетілген) 2023 жылғы 03 сәуірге дейін жіберілуі тиіс.
3. Сайысқа қатысатын оқушылар сахнаға мектеп этикасына сай келетін формамен шығады.
4. Байқауға қатысушы оқушыларды жауапты (жетекші мұғалім болмаса білім басқармасының маманы) бір өкілі бастап келуі керек.


7. Байқаудың жұмысын қорытындылау және қатысушыларды марапаттау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет