ІІ кезең Қатысушылардың іріктеу кезеңінен өткендері сайысты ары қарай жалғастырады. Сайыскерлер алдыңғы кезеңдегідей бірнеше топқа бөлінеді. Қатысушыларға үш сұрақ қойылады. Бұл сында оқушылар Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармаларына, хикметтердегі ұғымдарға, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен ондағы жәдігерлерге, жерленген тұлғаларға, хикметтегі тірек сөздердің мән-мағынасын, шумақтарын толық айтып шығулары тиіс. Сұрақтарға түгел жауап берген оқушыларға жоғары ұпай қойылады. Бұл кезеңнің мақсаты Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Ясауидің өмірі, шығармашылығы, хикметтегі ұғымдар, кесененің және ондағы жәдігерлердің тағылымдық мәні жайлы қатысушылардың білімдерін сарапқа салу, оқушылардың ойлау деңгейін, хикметтердегі рухани ұғымдарды қаншалықты түйсінгендігін айқындау. Сұрақтар билет түрінде болады (техникалық мүмкіндікке байланысты компьютердегі ұяшықтарда жасырылуы мүмкін). Қажеттілігіне қарай қатысушыларға қазылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін. Үш сұраққа да дұрыс толыққанды жауап берген сайыскерлерге жоғарғы балл қойылады. Ұпай саны 10 балдық жүйемен бағаланады.
Екінші кезеңнен кейін сайыскерлердің барлық кезеңдегі жинаған ұпайлары қосылып, қорытындысында жоғарғы нәтиже көрсеткен сайыскер жеңімпаз атанады. Осы жүйемен қалған қатысушылар да жүлделі орындарға ие болады.
4. БАЙҚАУДЫҢ БИЛЕТ СҰРАҚТАРЫ ТӨМЕНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ҚАМТИДЫ 4.1. Қожа Ахмет Ясауи туралы 4.2. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихы а) кесененің салыну тарихы
ә) құрылыс ерекшеліктері
б) кесенедегі жазулар және олардың мағынасы
в) кесенені жөндеу, қайта қалпына келтіру жұмыстарының тарихы
г) Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арнайы сыйға тартылған көне жәдігерлердің символдық мәні (Лауха /ту/, Шырағдан, Есік, Тайқазан т.б.)
4.3. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген тарихи тұлғалардың өмірі, қызметі, тарихтағы орны 4.4. Қазақстан тарихы пәніне байланысты сұрақтар