Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Табиғи-климаттық жағдайлар



бет2/6
Дата02.10.2023
өлшемі43,64 Kb.
#112439
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
титулка[1но

2 Табиғи-климаттық жағдайлар

Қызылорда облысы (226,0 мың км2) Арал теңізінің оңтүстік-шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Облыс климаты шұғыл континенталды болып сипатталады. Жазы құрғақ, ыстық, ау температурасы +30-44 С-қа дейін жетеді, шілденің орташа температурасы +27,0 С-ты құрайды. Қыста аздаған қар жауады, температурасы, -36 С –қа дейін жетеді.


Аймақ территориясында күннің, радияцияның және жылудың бай ресурстары бар. Жылдық радиация келуі 115-125 Ккал, белсенді вегетациялық күнінің ұзақтығы 200-240 тәулік, температура жиынтығы 3650-4600 С.
Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 метрден батыста, Арал теңізінің жағасында, 53 метрге дейін ауытқып тұрады. Шығыс бөлігінде облыс шегіне Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қаратау тауының батыс шетінің оңтүстік-батыс баурайы енеді. Таудың абсолюттік деңгейі 400-600 метр шамасында ауытқып тұрады, ең биік шыңы – 1418 м.
Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып қалыптасқан.
Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып табылады. Тосаптың қос мүшелі құрылымы бар: қалың қыртысының жоғарғы беті тозаңды саз, саздақ, майда қиыршықты тозаңдылау құмның лиза тәріздес аралас қабаттарынан тұрады, ал төменгі жағы-неғұрлым ірі қиыршықты, құмды келеді. Неғұрлым майда қиыршықты линзалар сиректеу, мұның өзі суармалы жерлерде дренаж қолдануға қолайлы мүмкіндік туғызады. Жалпы заңдылық ретінде, арнаға жақын учаскелердегі тосап шөкпелердің механикалық құрамы жеңіл келеді де, одан алыстаған сайын, аран аралығындағы ойпаттарда неғұрлым ауыр болады.
Суарылатын аудандардағы тосап шөкпелердің ыза суы ала-құла минералданған, кермектігі мен тұздылығы басымдау; су 2-7 м тереңдікте жатады. Шөлді аудандарда ыза суы 10-12 м тереңдікте жатады, топырақ барлық жерде күшті минералданған. 40-200м тереңдіктегі қайраң шөкпелерде артезиан суы болады,мұндай сулар орталық, оңтүстік және батыс аудандардың бәрінде дерлік кездеседі. Олардың минералдануы бір метрінде 1,5 гр 2,5 граммға дейін және олар қой,жылқы,түйе суаруға әбден жарамды. Артезиан бассейніне жеткен бұрғылау скважиналары секундына 15-20 литрге дейін өздігінен ағып шығатын су береді.
Құмды алқаптарда тұщы ыза сулары кең тарған, олар су буларының құмға сіңіп суға айналуы және жауын суының Қызылқұмда 10-25 м тереңдікте пайда болады. Олардың мөлшері өте аз, сәл көбіреу пайалан бастаса, сортаңданып кетеді. Мұндай суларды жайылымда мал суару үшін тек Арал жағалауындағы Қарақұмда ғана пайдалануға болады, өйткені ол жерлерде сәл көбіреу.
Облыс территориясының үстімен оңтүстік-шығысын солтүстік-батысқа қарай Сырдария өзені өтеді, бұл – үлкендігі жағынан Орта Азиядағы екінші өзен. Ол өзінің бүкіл ағысы бойына бірде-бір саладан қосымша су алмайды, бірақ өзі бірнеше ірі-ірі салалар бөліп шығарады, бұлар жазық жермен ондаған километр ағып барып, негізгі арнаға қайтадан қосылады. Қазалыда Сырдариядан, оның сол жағынан, Ақсай саласы бөлініп, өз бетімен Арал теңізіне барып құяды.
Негізгі климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері. Облыстың климаты шұғыл континетті: жазы ыстық,құрғақ,қысы суық,қар тым алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Ауа температурасының жылдық ауытқуы +34°С -41°С-қа дейін.
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін,екінші аймақта 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін,бірінші аймақта 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай-қаңтар, ең жылы ай-маусым. Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен температурасы 34-39°С-қа дейін жетуі мүмкін. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда ауаның орташа температурасы 26-28°С төңірегінде болады.
Облыстың ауа-райы өте қуаңшылықты болып келеді. Бірінші аймақта жылына 152-159 мм, екінші аймақта -95-110 мм дейін жауын жауды,қалған территорияға жауын-шашынның мөлшері 104-118 мм аспайды. Бірінші аймақатағы аудандарда жауынның көпшілік бөлегі суық кезеңге, қалған аймақтарда жылы кезеңге тұстас келеді. Жылма-жылғы жауынның мөлшері жиі өзгеріп тұрады. Мәселен, жекелеген құрғақшылық жылдарда не бары 30-60 мм, ал ылғал неғұрлым мол жылдары 200-213 мм жауын жаууы мүмкін.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 3-4 метрден аспайды.Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем қыс айларына сай келеді.
Егіннің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бірінші аймақта 225-226 күн, екінші аймақта 208-217 күн, үшінші аймақта 198-208 күн. Көктемде ауаның ортша тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы бірінші аймақта 19-20 наурызда, екінші аймақта 26-30 наурызда, үшінші аймақта 7 сәуірде болады, ал күзде суыққа қарай ауысуы тиісінше 23-28қазан, 25-31 қазан, 1 қараша айлары аралықтарында.
Облыс территориясында болмайтын мезгіл орта есеппен 167-178 күнге созылады. Көктемгі үсік сәуірдің екінші онкүндігінде тоқаталады, бірақ жекелеген жылдарда мамырдың бірінші онкүндігінде және екінші онкүндігінің бас кезінде, ал Арал теңізі маңында мамырдың аяғында да байқалуы мүмкін. Алғашқы күзгі үсік қазанның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің бас кезінде түседі, бірақ қыркүйектің үшінші онкүндігінің бас кезінде, кейде тіпті екінші онкүндігінде де түсуі ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет