Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым министрлігі


Шаруашылықтың жер пайдалану құрылымы



бет3/6
Дата02.10.2023
өлшемі43,64 Kb.
#112439
1   2   3   4   5   6
3 Шаруашылықтың жер пайдалану құрылымы

4 Өндірістің егін жинау циклі, топырақ өңдеу

Күріш жинау-ең жауапты кезең. Оны ору қыркүйек - қазан айларында жүргізіледі. Дестеге түсіру кезінде жер толық құрғақ болуы үшін күріштің дәні қамырлана бастағанда су беру тоқтатылады. Яғни, күріш толық піскен кезде атыздардағы су тартылап, жер құрғайды. Күріш негізінен екі фазалы бөлектеп ору әдісімен бастырылады.


Ең алдымен ЖНУ-4, ЖРК-5 дестелегіштерімен шашақ бастағы дәннің 85-90% толық піскенде күріш дестеге салынады, содан 3-5 күннен кейін СҚД-5Р, СКПР-6, СКГД-б комбайндарымен жинап, бастырылады.
Тұқымдық егістіктерде бастыру екі рет жүргізіледі. Біріншісі жұмсақ (барабандардың минутына айналымы 550-750...780), екіншісі екпінді режимде. Оған күріш толық піскеннен кейін кірісу керек. Орып, жинауды тым ерте бастағанда, өнімнің мөлшері мен сапасы кемиді, ал кешіккен жағдайда өндірілген өнімнің шығыны көп болады. Күріш тұқымын бастырылғаннан кейін алғашқы өңдеу және сақтау.
Күріш тұқымының ылғалдылы 15-15,5 пайыз болса бастапқы өнгіштігін 15 тәулік сақтайды, 16-17 пайыз болса 7 тәулік, 18-19 пайыз болса 1 тәулік қана, сондықтан басқа дақылдарға қарағанда күріш тұқымын бірінші кезекте тазалап кептіру керек. Күріш тұқымының оңтайлы сақтау ылғалдылығы 14 пайыз. Ұзақ мерзімге сақтауға салынған күріш тұқымы өз бойына ылғалды тез сіңіретін болғандықтан сақтауға салар алдында ылғалдылығын 13пайызға дейін төмендетілуі тиіс.
Күріш тұқымының ылғалдылын күрт төмендеткен жағдайда олар жарылып кетеді, сондықтан әр кептіру кезеңінде тұқымның ылғалдылығын 2пайыздан артық төмендетуге болмайды және кептіру температурасы 30-350 С аспауы тиіс.
Осы орайда бірнеше күріш жинау технологиясын ұсынғым келеді.

  1. Күрішті ору және бастыру.

Күрішті ор және басыру жұмыстары күріш өндіруегі ең ауыр түрі. Өйткені күріш дәні толық піскен кезде 20-22 пайызға дейін, ал оның сабағы 60-65 пайызға дейін ылғалды болады. Күріш атыздарында ерте бастан су жіберу тоқтатылып сіңбей қалған суды қашыртқылап, құрғату шараларын жүргізбесе атыздар батпақ, ылғал болып жатады. Осылардың барлығы күрішті оруды және бастыруды қиынға әкеп соқтырады. Күріш жинау 12-15 күннен артыққа созылмауы тиіс. Күріштің сортына байланысты бөлектеп жинау, болмаса тура комбайнмен жинау әдістері қолданылады. Мысалы, қиын бастырылатын «Дубовский-129» күрішіне бөлектеп жинау әдісін қолданған дұрыс. Тез төгіліп, оңай бастырылатын күріш сортары тура комбайнмен бастырылады. Бөлектеп жинау мен тура комбайн бастыру әдістерін ретімен дұрыс қолданғанда ғана күріш өнімін төкпей-шашпай, ысырапсыз жинап алуға болады.
Күріш өнімдерін жинау әдістеріне арнаулы күріш өндірісін жинайтын машиналар шығарылады. Күріш өнімін орып, дестеге салу үшін аспалы күріш ЖНР-4,0, ЖНУ-4,0 жаткалары бар. Аспалы ЖНР-4,0, ЖНУ-4,9 күріш жаткалары 3 тонналық тракторға тіркеледі. Жаткалар әрбір трактор маркасына байланысты тиісті тіркеу құралдарымен жабдықталады. Бұл жаткалардың ору алымы 4,0 м, Қызылорда машина сынау станциясының мәліметіне қарағанда, 1 сағат жұмыс уақытында 1,27 га, ал ауыспалы 1 сағатта 1,66 га егіннің күрішін орады. ЖНУ-4,0 Б жаткасы жетілдірілген жаткалардың жаңа түрі болып саналады. Жаңа жаткаға күшейтіген алты қалақты қалбағайлы және қайыс белбеу планкасы транспортер орнатылған. Кескіш аппаратка қозғалысты б.йірлік шатун арқылы жалғасады. Осындай конструкциялық өзгерістер енгізудің арқасында жатканың төзімділігі артады.
Бірсыпыра шаруашылықтарда рационализатор-механизаторлар ЖВН-6,0 жаткасын күріш оруға пайдаланып жүр. Бөлектеп жинау әдісін қолданғанда, күріштің ысырабын азайту үшін күріш дестесі жаткамен белгілі мөлшерде дұрыс салынуы тиіс. Күріш дестесі өте қалың, немесе өте жұқа және енді болмауы керек. Десте мөлшерінің орташа қалыңығы 20 см, ені 100-110 см болғаны дұрыс. Жаткамен орғанда десте жататын аңыздың биіктігі 18-20 см етіп қалдырылады. Орылып дестеге салынған күріш 2-3 күн кептірілгеннен кейін жартылай шыныр табанды СҚПР-4,0 комбайнымен бастырылады. Аңызда жатқан күріш дестесін алу үшін комбайн жаткасына десте жинағыш тетік бекітіледі. Мұнда көбінесе СК-3 барабанды десте жинағыш пайдаланылады. Соңғы кездері жасалған айналмалы корпусы бар ПУБ-4,0 десте жинағышы, полотыналы ППТ-3 десте жинағышы мемлекеттік сыннан өтті. Бұл десте жинағыш дестені алудың технологиясын жақсы атқарады. Бірақ конструкциялық кемістіктері болмағандықтан әлде де жетілдіруді қажет етеді. Күріш дестесін жинағанда десте жинағыш асылған комбайнның жүріс бағыты жатканың егінді орғандағы жүріс бағытындай болу керек. Сонд десте жинағыш дестені күрішті масағы жатқан жағынан жинағанда ысырап аз болады. Ысырапты азайтудың тағы бір жолы-десте жинағыш білігінің айналымын дұрыс қою.
Соңғы жылдары күріш комбайндарының жетілдірілген конструкциялары жасалып мемлекеттік сыннан ойдағыдай өтіп жүр. Қызылорда машина сынау станциясында 1967 жылы ВИСХОМ конструкциясы бойынша жасалған РКС-4 комбайны, Роставтағы ГСКБ конструкциясы бойынша жасалған СКРФ-4 комбайны Красноярскднегі комбайн заводы жасаған СКД-5Р комбайны сыналды.
1968 жылы Таганрогтегі ГСКБ констпукциясы бойынша жасалған жаңа «Колос» СКПР-6, «НИВА», СКПР-5 комбайндары мемлекеттік сыннан өтті. Мысалы, «Колос» комбайнның молотилкасының алымы 1500 мм-ге жеткізілген. Крмбайнға қуаты 150 аттың күшіне тең, двигатель орнатылған. Бункерінің сыйымдылығы 1,7 есе ұлкейтіліп, 3 текше метрге дейін кеңейтілген. Деканың барабанды айнала қамту бұрышы 2 еседен артық үлкейтіліп, 111,5 градусқа жеткізілген.
1 кесте. Күріш комбайндарының техникалық сипаттамасы.



Көрсеткіштердің аты



СКГ-4

СКПР-4

Жаңа кобайндар

СКД-5Р

СКПР-5 «НИВА»

СКПР-6 «КОЛОС»

Молотилканың алымы, мм

1200

1200

1200

1200

15000

Комбайнның салмағы, кг

9860

7868

8242

8300

9400

Двигатель маркасы

СМД-14К

СМД-14К

СМД-18К

СМД-18К

АМ-08

Двигательдің куатығ аттың күшіндей

75

75

100

100

150

Бунгердің сыйымдылығы, м куб

1,8

1,8

2,2

3,0

3,0

Деканың барабанды қамту бұрышың градус

47

47

139

70

111,5

Бір сағатта орындаған жұмысы, га

0,81

0,96

0,49

1,05

1,03




  1. Күрішті екі қайтара бастырып жинау технологиясы.

Күріш өнімін арттыру үшін оны сапалы бастырып, шашпай-төкпей жинаудың маңызы өте зор. Қазіргі жүргізіліп жүрген күріш орып бастыру технологиясы және оны механизациялау жетілмеген. Сондықтан күріш дәнінің сапасын арттыру үшін, әсіресе тұқымдық жерлерде күріш массасын екі қайтара бастыру ұсынылады. Бірінші бастыру кезінде комбайн дәннің 50-60 пайызын жинап бөліп алады. Бұл езде комбайнның сабан сілкішінен күріш массасы дестеленіп түседі. Сабанның сабан сілкіштен бірқалыпты сырғанап түсуі үшін шөмелелегіштің түбін алып, оның орнына қалыңдығы 1-1,5мм темірден, сырғыма тақта орнатады. Бірінші бастырудан кейін 3-4 күн өткен соң, бір рет бастырылған дестені екінші қайтара «қатты» режиммен бастырады. Жинаудың бұл әдісі гектарына 60ц артық өнім алатын күріш егілетін шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Бұл әдіс күріш түсімі 60ц/га шамасынан асқан жағдайда және бастыру кезінде дән ысырабы 1,5 пайыз шамасынан жарақаттанып сынуы 4 пайыз шамасынан асып кеткен жағдайда қолданылады.
Төменде ВИМ-нің көрсеткіштерін келтіріп отырмыз. Түсімі 52 ц/га болатын ЖНУ-4 жаткасымен дестеленген егіс бастырылды. Бірінші бастырылу СКПР-4 комбайнының молотилкасы жұмсақ режим бойынша жүргізілді. Бұл кезде тісті барабанның айналуы жылдамдығы- 550 айн/мин, соқпа барабандікі 780 айн/мин болды. Тісті рамка соңғы қалпына дейін түсірілді, соқпа барабанның астыңғы кірер жеріндегі саңылауы 25 мм, шығар жеріндегісі 12 мм. Екінші рет бастырғанда тісті барабанның айналым саны-740, ал соқпа барабандікі-1000 болды. Тексеру үшін осы фонда молотилкасы бір рет бастыруға лайықталып қойылып СКПР-4 комбайны жұмыс істейді. Бірінші барабанның айналым саны минутына 820, екіншісінікі 980.
Екі қайтара бастырылудың бірінші кезегінде комбайн бункеріне жоғары сапалы дән түседі, олардың сынып жарақаттануы 2 пайыздан асапайды және барлық түсімнің 80-85 пайызы бастырылады. Екінші бастыру кезінде десте толық үгітіліп тазартылады. Бірақ бұл кезде дәннің жарақаттануы 15-20 пайызға жетеді.

2 кесте. Әртүрлі жинау кезіндегі дән шығыны, пайызы





Дән шығынының түрлері

Бір қайтара бастыру

Екі қайтара бастыру

ЖНУ-4 жаткасынан кейін

1,9

1,9

Тергіш бірінші рет өткеннен кейін

0,43

0,43

Тергіш екінші рет өткеннен кейін

-

0,4

2,5 кг масса беріліп, комбайнмен бастырылғаннан кейін

4,2

1,24

Дәннің жалпы шығыны

6,53

3,97



2-таблицада егінді әртүрлі әдіспен жинау кезінде дән шығыны берілген. Бұл көрсеткіштерден дестені бастыру екі қайтара бастыру кезіндегі дән шығыны 1,5 есе кем болатыны байқалды. Екі қайтара бастыру кезінде дәннің сынып жарақаттануы 5-7 пайыз болды, бұл бір рет қана бастырумен салыстырғанда 2 есеге жуық кем.


Аталған комбайндарды қолданып, екі рет бастырудың артықшылығы шамалы екені анықталды. Жинау тәсілінің дән сапасына айтарлықтай әсер ететіні белгілі (3 кесте ).

3 кесте. Күріш жинау мен ылғалдылықтың дән өнуіне әсері





Бастыру технологиясы және тәжірибе жағдайы

Ылғалдылығы, пайыз

Өніп шығуы, пайыз

Орылмаған күріш сабағынан алынған дән

23,0

95,5

Дестені бір рет бастыру және уақыты:
бірінші рет 11.00

19,0

55,0

14.00

18.0

72,2

16.00

21,4

54,0

Дестені екі қайтара бастыру және уақыты:









бірінші рет 11.00

17,8

86,0

14.00

16,8

89,5

Екінші рет 14.00

17,3

71,0

Дән ылғалдылығы төмен болған сайын оның өсіп шығуы жоғары болатыны анықталды. Екі қайтара бастыру технологиясында ең сапалы дән бірінші бастыру кезінде алынды. Ал екі қайтара бастырудың экономикалық тиімділігі төмен болады. Екі қайтара бастыру кезінде комбайн өнімділігі: 25-30 пайыз кемиді, жұмсалатын қаржы10 пайызға өседі.



  1. Орылған күріш масасын тұрақты бір орында бастырып, жинау.

Қазіргі кезде күрішті негізгі жинау әдісі бөлектеп жинау болып табылады. Бұл әдістің айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұл кезде орылған өсімдік дестеде жатып кепкеннен кейін оларды өңдеуге жұмсалатын шығынды айтарлықтай азайтады және сабан жинауды жеңілдетеді. Бірақ бөлектеп жинап дестені бастыру кезінде дән айтарлықтай шығын болады (4 пайыз көп) және бункердегі дән сапасы да онша жоғары болмайды, сынып шағылған дән мөлшері 18 пайыз шамасынан да асып кетеді. Дән шығынының жоғары болуы дестенің жату ерекшелігіне, оны жинауға және бастыруға байланысты болады, қалың десте көбінесе топырақ бетінде жатады, бұл күріш паясының әлсіздігінен болады, әсіресе күріш жатып қалған кезде пая биіктігі 50-100 мм шамаынан аспаған кезде байқалады. Топырақ ылғалдылығы, сонымен қатар атыздағы ойпат жерлерде ылғалдың көпке дейін сақталуы дестенің төменгі қабатын ылғалдайды. Оның кебуіне және жинауға кедергі жасайды. Дестенің жоғарғы жағына жел, жоғарғы температура және күн сәулесі әсер етіп, тез кебеді, бірақ дәнде майда сызаттар пайда болады.
Күріш массасын тікелей отырып бастыру кезіндеде көп шашылып төгілу байқалады, себебі: бұл кезде дәннің ылғалдылығы 22-23 пайыз, сабандікі 70 пайыз шамасына дейңн жетеді. Күріш шашағының бір қалыпты піспеуі дәнді толық айыруға мүмкіншілік беретін қатты режимді жүмыс істеуге кедергі жасайды. Бұл жағдайда дәннің жарақаттануы және массаның бастыру аппаратында тығылып қалу қауіпі арта түседі.
Жоғары сапалы тұқым жинау үшін егін жинау мерзімін толық сақтаған жөн. Күріш дақылының биологиялық ерекшелігіне сәйкес бір сортты жинауға кететін уақыт мерзімі 10 күннен артық созылмауы керек. Жинауға берілетін уақыттың аздығы және орылған массаны егістікте сапалы өңдеудің қиындығы, кептіру, бастыру және дәнді сепарациялау секілді технологиялық операцияларды тұрақты жағдайға көшіру керек екендігі көрсетілді. Агрегатта астық өңдеу қысметінен босатып, оның өнімділігін айтарлықтай көтеруге болады. Астықты бірден жинау, жинау жұмыстары уақытты күрт азайтады, сонымен қатар бұл кезде сабанды жинау операциясының орындалуы, зябьті сапалы көтеруге мүмкіншілік береді.
4. Күріш массасын жинау.
Күріш өндіруде аз механизациялау жұмыстарының бірі күріш дақылдарының сабанын жинау. Қолданылып жүрген күріш жинағыш комбайндар аспалы шөмелелегітермен жабдықталған, олар егіс жинау кезінде орташа шөмелелер қалдырып кетеді.
Ылғалдылығы орташа топырақтағы шөмелелерді жинап, маялау өндірісте қолданып жүрген шынжыр табанды немесе дөңгелекті тракторға асылатын, шөмеле тасығышпен және күде лақтырғышпен жүргізіледі. Ылғалдылығы жоғары топырақ бетінде шынжыр табанды және жартылай шынжыр табанды агрегаттар терең із қалдырады, ал сабан батпақпен араласып ластанады. Осындай мақсат үшін дақылдың дәнсіз бөлігін жинауға арналған СНГ-60 шығарылады, оның жұмсақ топырақпен жүру қабілеті өте жоғары және өзі арнаулы жұмыс мүшелерімен жабдықталған.

  1. Күрішті кептіру және тазалау.

Күрішті ұқыпты кептіру және сапалы етіп тазалау ерекше көңіл бөліп, тиісті қаражат әне еңбекті жұмсауды қажет етеді. Күрішті кептіру мен тазалау дұрыс жүргізілмесе оның дәніне зақым келіп, сорттылығы төмендейді. Тұқымдық күріштің ылғалдылығы белгілі бір мөлщерде артық болса оның шығымдылығы нашарлайды. Күрішке арнайы арналып жасалған кептіргіш және тазалағыш машиналар соңғы кезде ғана мемлекеттік сыннан өткізуге пайдаланып жүр. Қазір шаруашылықтарда күрішті кептіру, тазалау жұмыстарына жлапы дәнді дақылдарға арналған машиналар қолданылады. Олар астық тазалайтын ОС-4,5, ОВП-20, астық тиейтін ЗПП-60, ЗПС-60 машиналары. Автомашиналарды тиелген астығымен өлшеу үшін АЦ-10 таразысы пайдаланылады. Астың тазалайтын ОС-4,5 машинасы комбайыннан шыққан дәнді тазалауға сортқа бөулге арналған ОС-4,5 машинасымен тұқымға және астыққа арналған күріштерді тазалап шығуға болады. Шаруашылықтар бұл машиналарды көбінесе тұқымдық күрішті тазалауға пайдаланады. Бірақ бұл машинаның күрішті тазалау кезіндегі жұмыс өнімділігі төмен. Бір сағатта 0,6 т-ға дейін күріш тұқмын тазалап шығарады. Күріш тұқымын күріштен тазартып кондицияға жеткізу үшін ОС-4,5 машинасымен бірнеше рет қайталап тазалау керек. «Ряданска Украина» ауылының тәжірибесі бойынша көптеген шаруашылықтар күрішті күрмектен сұйық ерітіндіде тазарту әдісі қолданылады. Бұл үшін суға минералды тыңайтқыштар қосып (сульфат амониін) 20-30 пайыздық ерітінді жасайды.
Механикаландырылған қырман жұмысының технологиялық схемасы негізінен мыналардан құрылады: астықты автомашинамен түсіру, ірі қосымшалардан тазарту, астықты кептіру, астықты бірінші рет тазарту, астықты екінші рет тазарту, тазартылған астықты өлшеу, астықты қоймаға құю.
1968 жылы Қызылорда машина сынау станциясында Воронеждағы ГСКБ және Брянскідегі ГСКБ бірігіп жасаған күрішті кептіретін, тазартатын машиналардың комплекісі мемлекеттік сыннан өткізілген. Бұл машиналар 1 сағатта 2,5 т тұқымдық күріш немесе 10 т товарлы күріш тазартады. Бұлардың кептіргіш қондырғылары 1 сағатта 1 т астық кептіріп, ылғалын 6 пайызға кемітеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет