Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері



бет33/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

148-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері

1. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ алға қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді және олар:


1) микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;


2) шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау және қадағалау субъектілері үшін:


жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде – он жұмыс күнінен аспайтын және он жұмыс күніне дейін ұзартылатын;


ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін тексерулерді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу кезінде – он бес жұмыс күнінен аспайтын және он бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;


3) ветеринария, өсімдіктер карантині және оларды қорғау, тұқым шаруашылығы, астық нарығы саласында – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;


4) құрылыс объектілеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау саласында олардың техникалық күрделілігін ескере отырып:


техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылатындарға – бес жұмыс күнінен аспайтын және бес жұмыс күніне дейін ұзартылатын;


техникалық жағынан күрделі объектілерге жатқызылмайтындарға – жұмыс күнінің төрт сағатынан аспайтын және жұмыс күнінің сегіз сағатына дейін ұзартылатын мерзім болуға тиіс.


2. Бақылау және қадағалау органының басшысы (не оның міндетін атқаратын адам) тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімдерін:


1) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу;


2) өзіне қатысты тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізіліп жатқан тұлғаның тұратын жерін анықтау;


3) санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін, қоршаған ортаны қорғау саласындағы сынамалардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелерін алу қажет болған жағдайларда ғана осы баптың 1-тармағында айқындалған мерзімдерге бір рет қана ұзарта алады.


Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзiмдерi ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы мiндеттi түрде құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тіркей отырып, тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды ұзарту туралы қосымша актіні ресiмдейдi, онда тексеруді немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы алдыңғы актiнiң нөмiрi мен тіркелген күні және ұзарту себебі көрсетiледi.


Тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдері ұзартылған жағдайда бақылау және қадағалау органы бұл туралы бақылау және қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) міндетті түрде хабардар етеді.


Бақылау және қадағалау органы тексерудің және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мерзімдерін ұзарту туралы хабарламаны ұзартылғанға дейін бір жұмыс күні бұрын табыс ету туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтілімі нысанында не электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат арқылы, егер субъект бұрын электрондық пошта мекенжайын бақылау және қадағалау органына ұсынған болса, бақылау және қадағалау субъектісінің осындай мекенжайына немесе өзге қолжетімді тәсілмен жібереді.


Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулерді және мемлекеттік бақылаудың өзге нысандарын жүргiзу, ұзарту және тоқтата тұру тәртiбiнің ерекшелiктерi және мерзiмдерi "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалады.


Ескерту. 148-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

149-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет