Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-1-бап. Табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер



бет41/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70
163-1-бап. Табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері көрсететін міндетті қызметтер

1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өндірудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи монополиялар және квазимемлекеттік сектор субъектілері жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті қызметтерді көрсетеді.


2. Міндетті көрсетілетін қызметтер деп табиғи монополиялар субъектілері жүзеге асыратын және (немесе) квазимемлекеттік сектордың қызметі (әрекеттер, процестер) түсініледі, оларды алу жеке және заңды тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болып табылады, сондай-ақ олардың өз қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыруға құқығын растайды, ал мұндай көрсетілетін қызметтерді алмау әкімшілік немесе азаматтық-құқықтық жауаптылыққа алып келеді.


Ескерту. 14-тарау 163-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі).

164-бап. Нарық субъектiсi



Нарық субъектісі:


1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;


2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы немесе дербес салық төлеуші болып табылатын (қаржы ұйымдарын қоспағанда) оның филиалы;


3) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлға (оның филиалы мен өкiлдiгі);


4) кәсіпкерлік қызметті өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым болып табылады.


Ескерту. 164-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

165-бап. Тұлғалар тобы



1. Мынадай белгілердің біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы деп танылады:


1) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай осы заңды тұлғаның осы нарық субъектісіне қатысуына орай не басқа тұлғалардан, оның ішінде жазбаша келісім негізінде алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;


2) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асырса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;


3) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы нарық субъектісінің құрылтай құжаттары немесе осы нарық субъектісімен жасалған шарт негізінде осы нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы болса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;


4) алқалы атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің, қор кеңесінің) сандық құрамының елу пайызынан астамын сол бір жеке тұлғалар құрайтын заңды тұлғалар;


5) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органы тағайындалса немесе сайланса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;


6) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің алқалы атқарушы органының не директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) сандық құрамының елу пайыздан астамы сайланса, жеке тұлға немесе заңды тұлға;


7) жеке тұлға, оның жұбайы, ата-анасы (оның ішінде асырап алған), балалары (оның ішінде асырап алынған), туған және туысқан ағалары-інілері, апалары, қарындастары;


8) әрқайсысы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгі бойынша сол бір тұлғамен топқа кіретін тұлға, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгі бойынша мұндай тұлғалардың кез келгенімен топқа кіретін басқа да тұлғалар;


9) нарық субъектісі, егер мұндай тұлғалардың осы нарық субъектісіне бірлесіп өзінің қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша тұлғалар тобына кіретін жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар.


2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қаралады. Осы бөлімнің нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.

166-бап. Заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары

1. Осы бөлімнің мақсаттары үшін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың үлестес тұлғалары деп акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы тiкелей не жанама түрде тиесiлi болатын заңды тұлғалар түсініледі.


2. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлға акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы әрбір келесі үлестес тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді.

15-тарау. МОНОПОЛИСТІК ҚЫЗМЕТ
167-бап. Монополистік қызмет ұғымы және оның түрлері

1. Жағдайы тиісті тауар нарығын бақылауға, оның ішінде тиісті тауар нарығындағы тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі ықпал етуге мүмкіндік беретін нарық субъектілерінің қызметі монополистік қызмет болып табылады.


2. Осы Кодексте шектелген монополистік қызметке:


1) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдері;


2) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;


3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жатады.

168-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген әрекеттердің түрлері

1. Бәсекелестер (бір тауар нарығында тауарлар сатуды не сатып алуды жүзеге асыратын нарық субъектілері) немесе әлеуетті бәсекелестер болып табылатын нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер немесе келісілген әрекеттер деңгейлес болып табылады.


Тиісті тауар нарығында нарық субъектiлерiнің тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіруіне және (немесе) өткiзуіне байланысты тиісті нарықтың басқа субъектiлерiмен жарыспалылық жағдайында болатын нарық субъектiсi бәсекелес болып табылады.


Бәсекелестiң тауарына ұқсас не оның тауарымен өзара алмастырылатын тауарды өндіру және (немесе) өткiзу мүмкiндiгi бар (жабдыққа, технологияларға ие), бiрақ тиiстi тауар нарығында оны өндірмейтін және өткiзбейтiн нарық субъектiсi әлеуеттi бәсекелес болып табылады.


2. Бірі тауарды сатып алатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның әлеуетті сатушысы (өнім берушісі) болып табылатын бәсекелес емес нарық субъектілері арасындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер сатылас болып табылады.


Ескерту. 168-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

169-бап. Бәсекелестікке қарсы келісімдер



1. Егер нарық субъектілері арасындағы деңгейлес келісімдер:


1) бағаларды (тарифтердi), жеңiлдетулерді, үстеме ақыларды (қосымша ақыларды) және (немесе) үстеме бағаларды белгiлеуге немесе ұстап тұруға;


2) сауда-саттықта бағаларды өсіруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға, сауда-саттықтың, аукциондар мен конкурстардың қорытындыларын, оның ішінде лоттар бойынша бөлу жолымен бұрмалауға;


3) тауар нарығын аумақтық қағидат, тауарларды сату немесе сатып алу көлемi, өткiзiлетiн тауарлар ассортиментi не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушiлердiң) құрамы бойынша бөлуге;


4) тауар өндiрiсiн қысқартуға немесе тоқтатуға;


5) белгiлi бiр сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушiлермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса, мұндай келісімдер картель деп танылады және оларға тыйым салынады.


Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері, оның ішінде тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімдерге қолданылады.


2. Нарық субъектiлерi арасындағы сатылас келiсiмдерге, егер:


1) сатып алушы (тапсырыс беруші) үшiн сатушы тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгiлейтiн жағдайды қоспағанда, мұндай келiсiмдер тауарды қайта сату бағасын белгiлеуге әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкiн болса;


2) мұндай келiсiмде сатушының бәсекелесi болып табылатын нарық субъектiсiнiң тауарын сатып алушының (тапсырыс берушінің) сатпау мiндеттемесi көзделсе, тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауарларды тауар белгісімен не сатушыны немесе өндірушіні өзеге дараландыру құралымен сатуын ұйымдастыру туралы келісімге қолданылмайды;


3) мұндай келісімде сатып алушының (тапсырыс берушінің) бәсекелесі болып табылатын нарық субъектісіне сатушының тауар сатпау міндеттемесі көзделсе, тыйым салынады.


3. Нарық субъектiлерiнiң арасындағы кез келген нысанда қол жеткiзiлген, бәсекелестiктi шектеуге алып келетін немесе алып келуі мүмкiн, оның iшiнде:


1) нарықтың басқа субъектiлерiмен мәні бiрдей шарттарға кемсітушілік шарттар белгiлеуге немесе қолдауға, оның iшiнде тауарларды сатып алудың және (немесе) өткiзудiң келiсiлген шарттарын белгiлеуге;


2) нарық субъектілерінің сол бір тауарға түрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық және өзге де түрде негізсіз белгілеуіне;


3) тауарларды өткiзудi негiзсiз шектеуге немесе тоқтатуға;


4) контрагенттердiң өзiнiң мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрлерiне сәйкес осы шарттардың нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер (қаржылай қаражатты және өзге де мүлiктi, мүлiктiк немесе мүлiктiк емес құқықтарды берудi негiзсiз талап ету) қабылдауы кезінде шарттар жасасуға;


5) нарықтың басқа субъектiлерiнiң белгiлi бiр тауарларды сатушылар (берушiлер) немесе оларды сатып алушылар ретiнде тауар нарығына кiруiн шектеуге немесе одан ығыстырып шығаруға қатысты келiсiмдерге тыйым салынады және олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен толығымен немесе iшiнара жарамсыз деп танылады.


Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгiленген тыйым салулар, тауарларды сатып алу мен сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сатылас келісімдерді не мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессия, кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарттары болып табылатын келісімдерді қоспағанда, егер нарық субъектісінің (субъектiлерiнiң) қаралып отырған тауар нарықтарының біріндегі үлесі жиырма пайыздан аспаса, сатылас келiсiмдерге қолданылмайды.


4. Бәсекелестікке қарсы келісімдер жазбаша және (немесе) ауызша нысанда жасалуы (қол жеткізілуі) мүмкін.


5. Нарық субъектілерінің әрекеттерін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен де бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің әрекеттерін келісу жүзеге асырылатын сол тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады. Нарық субъектiлерiнiң экономикалық қызметiн осы баптың 1 – 3-тармақтарында тізбеленген салдарларға әкеп соқтыра алатындай, әкеп соқтыратын немесе әкеп соқтырған үйлестiруге тыйым салынады.


6. Бәсекелестікке қарсы келісімдерге салынған тыйымдар, егер мұндай нарық субъектілерінің бірі басқа нарық субъектісіне қатысты бақылау орнатса, сондай-ақ мұндай нарық субъектілері бір тұлғаның бақылауында болса, тұлғалардың бір тобына кіретін нарық субъектілері арасындағы келісімге қолданылмайды.


Бақылау деп жеке немесе заңды тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше әрекет:


1) заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету;


2) заңды тұлғаның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;


3) нарық субъектілерінің кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттарын айқындау немесе осы нарық субъектілеріне мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына, кешенді кәсіпкерлік лицензиясына (франчайзинг), лицензиялық шартқа немесе тауар белгісімен немесе құқық иеленуші (құқық иеленуші уәкілеттік берген тұлға) мен нарық субъектілері арасындағы құқық иеленушіні дараландырудың өзге де құралымен тауар сатуды ұйымдастыру туралы өзге де келісімге сәйкес орындау үшін міндетті нұсқаулар беру құқығын алу арқылы басқа заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі.


7. Осы баптың талаптары, егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге немесе жоюға алып келмесе немесе алып келуі мүмкін болмаса, зияткерлiк қызметтiң нәтижелерiне айрықша құқықтарды жүзеге асыру туралы келiсiмдерге және соларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, тауарларды дараландыру құралдарына қолданылмайды.


8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, осы бапта көзделген келiсiмдерге, егер олар нарық субъектiлерiне осы келiсiмдердiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет болып табылмайтын шектеулер қоймаса және тиiстi тауар нарығында бәсекелестiктi жою үшiн мүмкiндiк жасамаса және егер нарық субъектiлерi мұндай келiсiмдер өз нәтижесiнде:


1) тауарлар өндiрудi (өткiзудi) жетiлдiруге немесе техникалық (экономикалық) прогресті ынталандыруға жәрдемдесетін немесе жәрдемдесе алатынын не әлемдiк тауар нарығында тараптар өндіретін тауарлардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын немесе арттыра алатынын;


2) тиiстi тұлғалардың осындай әрекеттер жасауынан иеленетiн артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлiгiн тұтынушылардың алатынын немесе алуы мүмкiн екенін дәлелдесе, жол берiлетін болып танылады.


Ескерту. 169-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет