Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт



бет31/70
Дата06.04.2023
өлшемі251,49 Kb.
#80114
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70
Байланысты:
КР Кәсіпкерлік кодексі.12-09-2022.kaz

145-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт

Ескерту. 145-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


1. Тексеруді мемлекеттік орган тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.


Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды мемлекеттік орган бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актінің негізінде жүргізеді.


2. Тексеру тағайындау туралы актiде:


1) актiнiң нөмiрi мен күнi;


2) мемлекеттiк органның атауы;


3) тексеру жүргiзуге уәкiлеттiк берілген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;


4) тексеру жүргiзу үшiн тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәлiметтер;


5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзiне қатысты тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жерi, сәйкестендiру нөмiрi, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесi көрсетiледi.


Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкiлдiгiн тексерген жағдайда тексеруді тағайындау туралы актiде оның атауы және тұрған жерi көрсетiледi;


6) тағайындалған тексерудiң нысанасы;


7) тексеру жүргiзу мерзiмi;


8) тексеру жүргiзудiң құқықтық негiздерi, оның iшiнде мiндеттi талаптары тексерілуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер;


9) тексерiлетiн кезең;


10) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;


11) актiге қол қоюға уәкiлеттiк берілген адамның қолы және мемлекеттiк органның мөрi;


12) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның тексеруді тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.


3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде:


1) актінің нөмірі мен күні;


2) мемлекеттік органның атауы;


3) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;


4) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізуге тартылатын мамандар, консультанттар және сарапшылар туралы мәліметтер;


5) бақылау және қадағалау субъектісінің атауы немесе өзіне қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, бақылау және қадағалау объектілерінің тізбесі, аумақтың учаскесі көрсетіледі.


Заңды тұлғаның филиалын және (немесе) өкілдігін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жағдайында, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіде оның атауы және тұрған жері көрсетіледі;


6) тағайындалған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың нысанасы;


7) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу мерзімі;


8) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің құқықтық негіздері, оның ішінде тексеру парақтарының талаптары;


9) бақылау және қадағалау субъектісінің осы Кодекстің 155-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері;


10) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның қолтаңбасы және мемлекеттік органның мөрі;


11) заңды тұлға басшысының не оның уәкілетті адамының, жеке тұлғаның бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы көрсетіледі.


Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

146-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



146-бап. Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу

1. Мемлекеттік кіріс органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес жүзеге асыратын қарсы тексерулерді қоспағанда, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда міндетті түрде тіркеледі.


Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша акт объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне қатысты тіркеледі.


Мемлекеттік кіріс органдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген салықтық қарсы тексерулерді жүргізу кезінде тексерілетін бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы органдарды хабардар етеді.


Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тіркеу есепке алу сипатында болады және тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйелерін қалыптастыру мен жетілдіру үшін пайдаланылады.


2. Бақылау және қадағалау органы тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні, олардың мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актіні тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғанға дейiн құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда бақылау және қадағалау субъектiсінiң (объектісінің) тұрған жерiндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органына оларды ұсыну, оның iшiнде электрондық нысанда ұсыну жолымен тiркейдi.


Осы Кодекстің 141-бабының 3-тармағы он бірінші бөлігінің 1), 2-1), 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы акт құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) тұрған жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына оны ұсыну, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталған күннен кейінгі келесі жұмыс күні ішінде тіркеледі.


Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актіні тіркеу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеруге жататын талаптардың тармақтарын көрсете отырып, тексеру парақтарын (олар болған кезде) ұсынады.


Тексеруді және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актілерді, олардың мерзімдерін ұзарту және күшін жою туралы қосымша актілерді, тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау мерзімдерін тоқтата тұру, қайта бастау, ұзарту, қатысушылар құрамын өзгерту және тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау туралы ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну және олардың нәтижелері туралы хабарламаларды тіркеу тәртібін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындайды.


3. Тексерудің немесе бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалаудың қажеттiгi қоғамдық тәртіпке, халық денсаулығына, Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделеріне төнген қатерді дереу жоюды талап ететін қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты туындаған, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайда, сондай-ақ бұзушылықтар жасалған кезде тікелей олардың жолын кесу және дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін іс-қимылдар жүргізу қажеттiгiне қарай тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндерi) жүргiзілген кезде тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды тағайындау туралы актiлердi тiркеу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкiлеттi органда тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау басталғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.


Ескерту. 146-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

147-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет