Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері Орындаған: Келгенова А. Конституциялық құқық


Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей



бет2/2
Дата09.03.2023
өлшемі21,22 Kb.
#72598
1   2
Байланысты:
қ Тоти

Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:
1. Міндеттеу әдісі;
2. Тыйым салу әдісі;
3. Рұқсат ету әдісі;
4. Тану әдістерді қолданылады.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органға сияқты, жеке тұлғаларға да катысты, олардың барлық қызмет саласында қолданылады.
Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілетгігін белгілеу кезінде де қолданылады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі — тану әдісін де қолданады. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқықжөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс обьективті фактордан — адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары қалайша құқықның қайнар көзі ретінде сипатталады:
1.ҚР Конституциясында бүкіл конституциялық зандардың негізі болып табылатын құқықтық нормалар орнықтырылады. Басқаша айтқанда, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық-құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілерді қалыптастыру мен дамытудың негізі болып табылады.


2.ҚР Конституциясының құқықтық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларды қамтиды. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі және жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық катынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. ҚР Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.


3.Конституциялық құқықтың басқа бастауларымен салыстырғанда ҚР Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР барлық аумағында қолданылады. ҚР-да қабылданған зандар және басқа нормативтік актілер Конституциядан бастау алуы және оған кайшы келмеуі тиіс. Егер олар Конституцияға қайшы келсе, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды. ҚР-ның Конституциясында оның қағидаларының жоғары заңдық күшін қамтамасыз етудің кепілдігі белгіленген.


4.ҚР Конституциясының тек конституциялық құқықтық ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларның бастауы ретіндегі мәні мынада, онда халықтың мемлекеттің еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік кауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы тікелей көрініс тапқан.


5.Конституция құқықтың басқа бастауларынан, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғам өмірінің жекелеген тараптарын қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.


6.Сондай-ақ, Конституция констуциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудын, ерекше тәртібін белгілеуімен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.


7.ҚР-сы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры — онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй зандары, Презеденттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР-сы Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
ҚР-сы конституциялық құқығының мемлекеттік мәні бар құқықтық нормаларды белгілейтін қайнар көзінің қатарына конституциялық зандар жатады. ҚР конституциялық зандарының өзіндік ерекшелігі — олар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды. ҚР-ның конституциялық зандарын қабылдаудағы іс жүргізу Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаудағы іс жүргізуінде ерекшеленеді.

16-бап
1. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.


2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы беріледі. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбiр адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегiн пайдалануға құқылы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет