Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы А. Мустафаеваның 2022 жыл көлемінде атқарған жұмыстары жайлы хабарламасы



бет1/2
Дата31.01.2023
өлшемі40,86 Kb.
#64144
  1   2
Байланысты:
2022 ж. қорыт.есеп беру хабар Анар


Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің басшысы А.Мустафаеваның
2022 жыл көлемінде атқарған жұмыстары жайлы хабарламасы

Бөлім өз құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырып келеді.


Бөлімге Жастар ресурстық орталығының қызметін күнделікті қамтамасыз ету, жүйелендіру мақсатында ұйымдастыру-шаруашылық, қаржылық жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Орталықтың кадрлар құрамын жасақтау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында жүйелі түрде кадрлар құрамына, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша мекеменің қажеттілігіне талдау жұмыстары жүргізіледі.
Персоналды басқару, кадрлық қамтамасыз ету бойынша:
Жастар ресурстық орталығында мекемедегі қызметкерлерге күнделікті қызмет барысында өз біліктіліктерін арттыра отырып, тәжірибе жинақтауға, лауазымдық міндеттерін толықтай іске асыруға барлық жағдай жасалған.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ-де барлығы 59 (директор, 2 орынбасары, 7 бөлім басшысы, бас есепші мен материалдық есепші, психолог, мейірбике, заңгер, маманы, техник бағдарламашы, 10 аға кеңесші, 5 инспектор, 13 кеңесші, 14 техникалық қызметкер) штат бірлігі бар.
Орталық қызметкерлерінің жалпы еңбек өтілі 1–25 жыл аралығында.
Орталықтың жұмыс тиімділігін арттыру, қызметкерлердің мекеменің айналысатын қызметінің әртүрлі саласы бойынша кәсіби біліктіліктерінің сапасын жоғарылату мақсатында ішкі ротациялық тәртіппен өзгерістер жасалды. Бұл шаралар директордың орынбасарларының, бөлім басшыларының ұсынысы, қызметкерлердің келісімдері негізінде жүзеге асырылды.
Мұндай өзгерістер Орталық директорының 2022 жылғы 14 қаңтардағы №02-01/04 бұйрығымен енгізілді, бірқатар қызметкерлердің лауазымдарына, қызмет бағыттарына өзгерістер жасалды, бірқатарының лауазымдары өсті.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықтың тиімділігін арттыру, қызметін үйлестіру жұмыстарын жақсарту туралы» директордың 2022 жылғы 18 ақпандағы №02-01/09 бұйрығымен басшының орынбасарларын бөлімдерге бекіту жүргізілді.
Орталық директорының 2022 жылғы 20 маусымдағы №02-02/75 бұйрығымен қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, жұмыстың нәтижелілігін арттыру мақсатында мекеменің құрылымы бойынша штаттық кестесіне өзгерту енгізіліп, сәйкесті түрде қызметкерлерді ротациялау жүргізілді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерін қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарына жетекшілік ететін куратор етіп белгілеу туралы» Орталық директорының 2022 жылғы 13 қыркүйектегі №02-01/26 бұйрығымен қызметкерлерге міндеттер жүктелді.

2022 жылы Орталыққа жаңадан 21 қызметкер қабылданды, олардың барлығына да сынақ мерзімі тағайындалды.


(Амануллаева Т., Қобланов Б.,. Құрбанәлі Қ., Тұрмаханов Т., Қазтай Ә., Әбіл С., Нұрманов Н., Айтөре Ж., Сабырбай Е., Бекжаппаров Б., Тұрсынбай Қ., Сатыбай Г., Шарапат Б-уақытша., Елеусінова А., Сисенбиев Е., Нұрханова А., Жақсылық Қ., Сәбитов А.-уақытша, Приемұлы Р.-уақытша, Орынбайұлы М.-уақытша, Төлебай Ә).
Осы кезеңде өз өтініштеріне сәйкес 15 қызметкер жұмыстан босатылды.
(Шақзада Ү., Орынбайұлы М., Басаров А., Мұсатай Р., Балабаев Н., Сәдіров А., Мырзалы А., Сипанов Е., Әбдірахманұлы Ө., Дауылбай М., Қазтай Ә., Тұрсынбай Қ., Төлегенов Д., Мұхамеджан Ш., Садуақасова Г).
Сондай-ақ, 12 қызметкердің лауазымдары өзгерді, оның ішінде 10 –інің лауазымдары өсті.
(Әбдірахманұлы Ө. (аға кеңесшіге, бөлім басшысына); Жылқышиева Д. –бөлім басшысына; Ізбанова А.- аға кеңесшіге; Нурмагамбетов А. – маман; Қазтай Ә.-уақытша аға кеңесшіге; Нұрханов А.-техник бағдарламашыға; Сатыбай Г.-кеңесшіге; Садуақасов Н.-аға кеңесшіге; Елдизерова М.-кеңесшіге; Амануллаева Т.-бөлім басшысына, Өткелбаев Б.-аға кеңесш., Сұлтан Н.-кеңесшіге).
Орталықта жүйелі түрде қызметкерлердің тарапынан еңбек тәртібінің сақталуына бақылау жүргізіліп отырылады. Кемшіліктер бойынша тиісті құжаттар (актілер) ресімделеді. 2022 жылы жұмыстан кешіккені үшін 6 акт ресімделді. Орталық қызметкерлері тарапынан еңбек тәртібінің сақталу жағдайларын бақылау шаралары 3 рет облыстық басқарма қызметкерлері тарапынан жүргізілді.
2022 жылы еңбек тәртібін сақтамағаны, өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағандары үшін 5 қызметкерге Орталық директорының бұйрығымен «ескерту», «сөгіс» түріндегі тәртіптік шаралар көрілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет