ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ
№ 12 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2 0 0 7 Ж Ы Л Ғ Ы 2 9 Н А У Р Ы З
«Теңге нышаны» конкурсының нəтижелері
туралы
29 наурызда Алматыда «Теңге нышаны» атты конкурстың жеңімпаздарын
марапаттауға арналған салтанатты жиын өткізілді жəне ұлттық валюта белгісі
алғаш рет ресми түрде таныстырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылғы қарашада ұлттық валюта –
теңгенің нышанын жасау үшін жалпыұлттық конкурс жариялаған болатын.
Ұлттық валютаның графикалық бейнеленуін енгізу идеясы қаржылық құжат
айналымын жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар оның халықаралық нарықтағы
жағдайын нығайтуды да көздейді. Мұның өзі теңгені əлемдік экономикалық кеңістікте
танымал етеді, бұл Қазақстанның жақын арада ДСҰ кіруі жəне Елбасы алға қойып
отырған республиканы əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіргізу міндеттері
үшін маңызды болып табылады.
Ұлттық валюта – теңгенің нышанын жасау жөніндегі конкурсты жүзеге асыру жəне
конкурстың жеңімпазын анықтау мақсатында Ұлттық Банк құрамына Қазақстан
Республикасының жұртшылық өкілдері енгізілген конкурстық комиссия құрды.
«Теңге нышаны» жалпыұлттық конкурсы бұқара халықтың белсенділігін арттыру,
мемлекеттік нышанға жұртшылықтың назарын аудару жəне адамдардың отансүйгіштік
сезімін оятып, оларды өз мемлекетінің кең ауқымды жобаларына қатыстыру мақсатында
жарияланған болатын. Қатысушыларды барынша көбірек қамту мақсатында кəсіби
дизайнерлерге арналған «Кəсіби конкурс» номинациясымен қатар жоба шеңберінде
«Халықтық конкурс» жəне «Балаларға арналған конкурс» номинациялары бойынша да
конкурс өткізілді.
«Теңге нышаны» жалпыұлттық конкурсы жарияланған күннен бастап конкурсқа
республиканың əр түрлі бұқара топтарынан 30 мыңға жуық жұмыс келіп түсті. Конкурс
мұндай шаралардың халықты отансүйгіштік идея төңірегіне тұтастыра түсетінін
дəлелдеді, өйткені əрбір қазақстандықтың «Теңге нышаны» жобасына қатысып, еліміздің
тарихының тағы да бір бетін қалыптастыру үшін атсалысуға мүмкіндігі болды.
6 наурызда Ə. Қастеев атындағы өнер мұражайында Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі ұйымдастырған Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің
нышанын (идеограммасын) жасау жөніндегі жалпыұлттық конкурс шеңберінде
Республикалық «Балаларға арналған конкурс» болып өтті.
«Балаларға арналған конкурстың» мақсаты – республиканың ең жас азаматтарының
белсенділігін арттыру, мемлекеттік нышанды жасауға олардың назарын аударып, мектеп
оқушыларының отансүйгіштік сезімін ояту жəне өз мемлекетінің ауқымды жобаларына
тікелей қатыстылығын сезіндіру.
5 ақпанда басталған конкурсқа 28 000 бала қатынасты, олардың 10 000-ы Алматы
қаласынан. 2000 жуық жұмысты сурет пəнінің мұғалімдері жинастырып, конкурсқа
ұсынды. Конкурстың 60 жеңімпазы – алматылық, 80-і – Қазақстанның əр аймағынан. Əр
аймақтан 2-3 орта мектеп жəне 1-2 балалар үйі қатысты. Алматы қаласынан конкурсқа 177
мектеп қатысты.
2
«Балаларға арналған конкурстың» жеңімпаздары:
• Мүбараков Мирас, Көкшетау қаласы, 5 сынып – 1 орын
•
Бейісова Айгүл,
Ақтөбе қаласы, 9 сынып – 2 орын
• Сағындықов Ілияс, Алматы қаласы, 7 сынып – 3 орын
«Балаларға арналған конкурстағы» ең жақсы жұмыстың авторы Мирас
Мүбараковқа, конкурс демеушісі – «Альянс Банк» АҚ ноутбук сыйлады, сондай-ақ оған
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атынан бағалы сыйлық тапсырылды.
«Халықтық конкурс» номинациясының жеңімпаздарын интернетке қатысушылар –
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
www.tenge2006.kz
, сайтында дауыс беру
арқылы анықтады, оған 200-ден аса жұмыс қойылды.
«Халықтық конкурстың» жеңімпаздары:
• Козлов Алексей, Қарағанды қаласы – 1 орын
• Бейісов Темір, Ақтөбе қаласы – 2 орын
• Мұсаев Ерлан, Астана қаласы – 3 орын
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «Кəсіби конкурсқа» теңгенің нышаны
бейнеленген 1185 жұмыс түсті.
Жұмысты қарау кезінде конкурстық комиссия теңге нышанының қысқа,
технологиялық, мөлшері өзгерген кезде оқылуының сақталуы, орындаған кезде танымал,
қарапайым болуын қарады, бұл ретте түрлі қалыңдықтағы сызықтардың, бүктемелердің,
нышан элементтеріннің үйлесімсіз болмауы көзделді.
Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы 2007 жылғы 20 наурызда болды,
онда теңгенің ең жақсы графикалық бейнесін (идеограммасын) таңдау туралы бірауыздан
шешім қабылданды. Осы жұмысты конкурсқа ұсынған авторлық ұжым екі адамнан
тұрады: Əмірханов Санжар Бақытұлы жəне Давиденко Вадим Мухамеджанович.
Теңгенің көрсетілген графикалық бейнесі «т» дыбысының транскрипциясын
білдіретін ежелгі түркі əліпбиінің нышаны болып табылады, «теңге» сөзі, сондай-ақ орыс
тіліне аударғанда барлық түркі халықтары үшін қасиетті болып табылатын «аспан», тəңірі
деген сөздерді білдіретін «тəңірі» сөзі де осы əріптен басталады. Бұл нышан ақша бірлігі
тұрақтылығының идеясын, жоғары əлуетін, Қазақстан Республикасы ұлттық
экономикасының даму жəне өсу динамикасын бейнелейтін болады. Идеограмма қазіргі
заманғы қазақстандық қоғамның ежелгі түркі тегімен бірігуін білдіріп, қазіргі замандағы
қазақстандықтардың даму жəне прогресс жолындағы қозғалысын бейнелейтін болады.
«Кəсіби конкурс» жеңімпаздары:
• Əмірханов Санжар жəне Давиденко Вадим, Алматы қаласы – 1 орын
• Перцев Александр, Алматы қаласы – 2 орын
• Байсағатов Дамир, Астана қаласы – 3 орын
«Кəсіби конкурс» жеңімпазы ұлттық валюта нышанының «атасы» болып танылады
жəне бас сыйлықты (ҚР Ұлттық Банкі ұсынған 1 000 000 теңге + «Альянс Банк» АҚ-нан
5 000 АҚШ доллары) алды.
Екінші жəне үшінші орындар үшін демеушілер - «ТұранƏлем Банкі» АҚ жəне
«Қазкоммерцбанк» АҚ 1000 АҚШ долларынан – ақшалай сыйлықтар берді.
3
Салтанатты жиын барысында сахнаның жанына орналастырылған плазмалық
экрандардан қонақтарға конкурсқа қатысушылардың барлық номинациялар бойынша
ұсынған теңге нышандары көрсетілді.
Елшіліктің өкілдері Қазақстанның қаржы жəне мемлекеттік элитасының өкілдерін
отандық валютаны өз идеограммасы бар əлемдік валюталардың қатарына ала отырып,
теңге белгісінің қабылдануымен құттықтады.
Енді қазақстандық ұлттық валютаның өзінің нышаны бар, бұл, конкурсты
ұйымдастырушылардың пікірі бойынша, оның баспа жəне басқа басылымдардағы
белгіленуін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар теңгенің халықаралық нарықтағы
ұстанымын нығайтуға мүмкіндік береді, бұл халықаралық экономикалық кеңістікке
белсенді түрде кіру Қазақстан үшін өте маңызды болып табылады.