3. Жалпы ережелер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 4-26
3.1. Жоғары білім берудегі инновациялық әдістер ретінде білім берудегі ғылым мен ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы жетістіктерін пайдалануға негізделген әдістер түсіндіріледі. Олар білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен дербестігін дамыту арқылы дайындық сапасын арттыруға бағытталған (проблемалық және жобалық оқыту әдістері, зерттеу әдістері, студенттердің шығармашылық әлеуеті мен дербестігін өзектендіруді қарастыратын тренингтік нысандар және т. б.).
Оқу жұмысының инновациялылығы білім беру процесіне тиімді оқытуға ықпал ететін жаңа әдістер мен технологияларды мақсатты түрде енгізуді көздейді. Инновациялық тәсіл оқыту процесіне өмір мен қызметтің даму динамикасының ерекшеліктерімен, білім алушылардың әлеуметтік пайдалы білімі мен кәсіби маңызды құзыреттілігін, мінез-құлықтың сипаты мен сапаларын, қарым-қатынасы мен тәжірибесін әзірлеуде жеке тұлғаны, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктері мен оқыту ерекшеліктерімен негізделген жаңалықтарды енгізуге бағдарланады.
Негізгі әдістемелік инновациялар бүгінгі күні оқытудың интерактивті әдістері мен технологияларын қолданумен қатар олар барлық білім алушылар таным процесіне тартылған болып табылатын оқу процесін ұйымдастыруды болжайды, олардың не біледі және ойлайтыны жөнінде түсіну және кері байланыс орнату мүмкіндігіне ие екендігіне байланысты. Білім алушылардың оқу материалын тану, меңгеру барысындағы бірлескен қызметінде әркім өзінің ерекше жеке үлесін қосатынын, білім, идеялар, қызмет тәсілдерімен алмасу жүретінін білдіреді.
3.2. Интерактивті оқытудың мақсаты – білім беру процесінің тиімділігін арттыру, барлық білім алушылардың оқытудың жоғары нәтижелеріне қол жеткізу.
3.3. Сабақ өткізудің интерактивті әдістері ынтымақтастықта оқытуды көздейді. Білім беру процесінің барлық қатысушылары (оқытушы және білім алушылар) бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды, ақпаратпен алмасады, мәселелерді бірлесіп шешеді, жағдайларды модельдейді.
3.4. Интерактивті әдістерді қолданудың мәні болашақ кадрдың дағдылары мен сапасын қалыптастыру үшін оңтайлы мәселелерді шешу бойынша нақты іскерлік ынтымақтастық ортасына білім алушыларды бейімдеу болып табылады.
3.5. Оқытудың интерактивті әдістерінің негізгі артықшылықтары:
- білім алушылардың белсенді-танымдық және ойлау қызметін жандандыру;
- білім алушыларды оқу процесіне тарту, жаңа материалды енжар тыңдаушылар ретінде емес, белсенді қатысушылар ретінде меңгеру;
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 5-26
- талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту;
- пәнді оқуға деген қызығушылықты (уәждемені) күшейту; - сабаққа қолайлы жағдай жасау;
- білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
- дәстүрлі аудиториялық жұмыстың үлесін қысқарту және білім алушының өзіндік жұмысының көлемін арттыру;
- ақпаратты өңдеудің заманауи техникалық құралдары мен технологияларын меңгеру дағдыларын дамыту;
- ақпаратты өз бетінше таба білуді қалыптастыру және дамыту, оның нақтылық деңгейін анықтау;
- оқу процесінің икемділігі мен қол жетімділігі – білім алушылар желідегі кез келген компьютерден оқу ресурстары мен бағдарламаларға қосыла алады.;
- интерактивті технологиялар білім алушылардың оқытушымен тұрақты (кесте бойынша) байланысына мүмкіндік береді.
3.6. Сабақ өткізудің интерактивті әдістері лекция мен практикалық сабақтарды өткізу кезінде, білім алушылардың өзіндік жұмысы кезінде және басқа да оқу сабақтарының түрлерінде пайдаланылуы мүмкін. Оқытудың интерактивті әдістері дайындықтың барлық деңгейлерінде (бакалавриат, магистратура, докторантура) сабақ өткізу кезінде қолданылады.
3.7. Оқытушы осы Ұсынымда ұсынылған әдістемені қолдана алады, сондай-ақ оқу пәнінің ерекшеліктеріне, оқу сабақтарының мақсаттары мен міндеттеріне байланысты жаңа әдістемелерді әзірлей алады.
Достарыңызбен бөлісу: |