П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
- студенттер мен оқытушылар үшін оқу ынтымақтастығы ережелерін әзірлеу және қабылдау;
- қарым-қатынастың «қолдаушы» тәсілдерін пайдалану: мейірімді интонациялар, конструктивтік сұрақтар қоя білу және т. б.;
- бірлескен қызмет нәтижесін және процесті бағалау жүйесін
оңтайландыру;
- өзін-өзі талдау мен талдаудың жалпы топтық және тұлғааралық дағдыларын дамыту.
6.4. Инновациялық оқыту:
- оқытушылар, студенттер және кураторлардың виртуалды жұмыс кабинеттерін
құру және қызмет ету;
-оқу-әдістемелік материалдардың электрондық базасын үнемі
жаңарту және пайдалану;
- электронды оқу-әдістемелік кешендерді (оқу-әдістемелік
материалдар, тесттер, есептер, практикумдар, курстық және дипломдық жұмыстарды рәсімдеуге қойылатын талаптар және т. б.) үнемі жаңарту және пайдалану;
- компьютерлік сыныптарда лекциялар мен практикалық сабақтар өткізу;
- лекциялар мен семинарлар өткізу үшін мультимедиялық
құралдарды қолдану;
-лекция курстары мен бизнес-кейстермен видеотеканы қалыптастыру;
- оқу процесінде виртуалды оқу фирмасын/корпорациясын құру және пайдалану.
6.5. Ақпараттық және мультимедиялық технологияларды пайдалану инновациялық формада сабақ өткізу үшін маңызды шарттардың бірі болып табылады және
онда мультимедиялық құралдарды, компьютерлік техниканы, интерактивті тақталарды және желілік ақпараттық білім беру ресурстарын пайдалануды көздейді.
6.6. Мультимедиа - әр түрлі формада (мәтін, графика, дыбыс, бейне, анимация) ұсынылған ақпаратты біріктіруге және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарының кешені.
Мультимедиялық жабдықты қолданудың басты мақсаты оқу материалын бейнелі қабылдау арқылы терең
есте сақтауға қол жеткізу, оның эмоциялық әсерін күшейту, нақты әлеуметтік-мәдени ортаға «тереңдей батуды» қамтамасыз ету болып табылады. Бұл мультимедиа проекторды, интерактивті тақтаны және интернетке шығуды қамтамасыз ететін компьютерді пайдалану есебінен жүзеге асырылады.