П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
6.9. Компьютерлік техниканы пайдалану: - пәнге деген қызығушылықты арттыру;
- студенттердің оқылатын тақырып бойынша негізгі түсініктерін
қалыптастыруды жеңілдету ;
- пәндерді өз бетінше меңгеруге дайындау;
- практикалық қызметте қолдануға қажетті нақты білімді меңгеру; -
студенттерді зияткерлік дамыту;
- бірлескен жұмыс түрлерін кеңейту, коммуникативтік тәжірибені арттыру.
6.10
. Желілік ақпараттық білім беру ресурстары (бұдан әрі - Желілік ресурс) - бұл білім алушылардың орналасқан жеріне қарамастан интернет ортасын басым пайдалана отырып, оқытуға арналған дидактикалық, бағдарламалық және техникалық кешен. Желілік ресурстар арқылы оқыту
студенттердің оқытушылармен, өзара және оқу құралдарымен өзара әрекеттестігінің мақсатты, ұйымдастырылған процесі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Желілік ресурс оқу процесінде күндізгі, қашықтықтан білім алу формаларында әртүрлі пропорцияда қолданылуы мүмкін. Осылайша, желілік ресурс - бұл оқу жоспарының пәні бойынша оқытудың толық дидактикалық циклін іске асыруға мүмкіндік беретін оқу-әдістемелік интерактивті кешен.
Оқыту процесінде желілік ресурстың дидактикалық қасиеттері:
- оқытушылар мен студенттердің дербес компьютерлерінің мониторлары экрандарында оқу-әдістемелік
ақпаратты ұсыну, сондай-ақ желілік ресурста қамтылған мақсатты таңдалған ақпарат бөлігінің көшірмелерін алу мүмкіндігі;
- оқу, әдістемелік, ғылыми-білім беру және басқа да ақпараттардың нақты (online) және кейінге қалдырылған (offline) режимінде білім беру процесіне қатысушылар арасында диалогтық алмасу;
- берілетін және алынатын ақпаратты өңдеу (сақтау,
басып шығару, жаңғырту, редакциялау );
- әртүрлі ақпарат көздеріне (порталдарға, электрондық кітапханаларға,
деректер қорына, т. б. интернет ресурстарына) қол жеткізу;
- қашықтықтан есептеуіш ресурстарға,
зертханалық практикумдарға, оқу курстары мен бақылау материалдарына қол жеткізу;
- теле және бейнеконференция арқылы оқытушы мен студенттердің өзара қарым-қатынасының ұжымдық формаларын ұйымдастыру;
- ақпараттың алдын ала берілген белгілі бір бөлігін құпия түрде айырбастау және
регламенттелген қол жеткізу;