1. Ақпараттық блок
Бұл кезеңді жаппай қиындық тудырған сауалнамалардан алынған сұрақтарға жауаптардан бастауға болады. Негізгі материал дәріс, мультимедиялық презентация түрінде берілуі мүмкін. Содан кейін оқытушының (тренердің) таңдауына интерактивті оқытудың түрлі әдістері қолданылуы мүмкін: рөлдік ойындар, дискуссиялар, визитерді шақыру, кіші топтарда жұмыс істеу және т. б.
2. Практикалық дағдыларды қалыптастыру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 17-26
Ақпараттық, теориялық жоспардың кез келген білімі міндетті түрде практикалық дағдылар және білігімен үйлесуі тиіс екенін ескере отырып, осы дағдыларды пысықтау қажет. Тренингтің бұл кезеңі қатысушылардың өз өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ айналасындағыларды қорғау бойынша практикалық тәжірибе алуына ықпал етуге бағытталған. Осы мақсатта рөлдік ойындарды, сахналарды, дискуссияларды, «миға шабуыл» және басқа да интерактивті жұмыс түрлерін жағдайларға байланысты қолдануға болады.
3. Қорытынды жасау
Қорытынды кез келген сабақтың, тренингтің соңында шығарылады. Әдетте, бұл рәсім қатысушылар өз әсерлерімен, сезімдерімен бөлісіп, өз тілектерін білдіруге арналған. Қорытынды шығаруды сауалнама толтыру түрінде өткізуге болады.
Тренер тренингтің қатысушыларынан олар үшін қызықты, пайдалы не болғанын, нені білгенін сұрай алады, өткен материалды бекіту арқылы қандай жаттығуларды орындағанын еске түсіруді ұсына алады. Оқытушы-тренердің тренингке қатысушыларды әртүрлі қол жетімді тәсілдермен көтермелеуі өте құптарлық жайт болады: ауызша немесе жазбаша алғыс білдірсе, қандай да бір брошюралар, буклеттер, кәдесыйлар және т. б. тапсырады.
5.15. Коллоквиум
Коллоквиум – оқу-теориялық сабақтардың түрі, ол оқытушының жетекшілігімен кең ауқымды мәселелер, мысалы, лекция курсының дербес үлкен бөліміне қатысты топтық талқылау болып табылады.
Сонымен қатар бұл бақылау түрі, ауызша емтиханның, жаппай сұраудың бір түрі, ол оқытушыға салыстырмалы түрде аз мерзім ішінде курстың осы бөлімі бойынша тұтас академиялық топ студенттерінің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Коллоквиум әдетте пікірталас түрінде өтеді, оның барысында студенттерге қарастырылып отырған мәселеге өз көзқарасын білдіруге, оны негіздеуге және қорғауға үйренуге мүмкіндік беріледі. Білім алушы өз пікірін дәлелдей отырып, дәл сол кезеңде оқыған материалды қаншалықты терең және саналы игергенін көрсетеді.
5.16 . Шешім ағашы әдісі
«Шешім ағашы» әдісін қолдану шешімнің, әрекеттің және т. б. оңтайлы нұсқасын таңдау дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
«Шешім ағашын» құру - әртүрлі нұсқалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаудың практикалық әдісі. Үш нұсқа үшін шешім ағашы келесідей көрінуі мүмкін:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 18-26
Өзекті мәселе: …
Нұсқа 1: … Нұсқа 2: … Нұсқа 3: …
АртықшылығыКемшілігі АртықшылығыКемшілігі АртықшылығыКемшілігі
Нұсқаларды ұсыну кезеңінде және оларды бағалау кезеңінде «миға шабуыл" әдістемесін қолдануға болады.
5.17. «Ми шабуылы» әдісі
«Миға шабуыл» әдістемесін пайдалану студенттер тобын сұраққа жауаптың мүмкіндігінше көп нұсқаларын жылдам жауап беруге ынталандырады.
«Миға шабуыл» әдісін өткізудің бірінші кезеңінде топқа талқылау үшін белгілі бір мәселе беріледі; қатысушылар кезек бойынша, нақты және қысқаша түрде кез келген ұсыныстарды айтады; жүргізуші барлық ұсыныстарды (тақтада, плакатта) олардың практикалық қолданылуына ешқандай сын-пікір айтпай жазады.
«Миға шабуыл» әдісін өткізудің екінші кезеңінде айтылған ұсыныстар талқыланады. Топ айтылған ұсыныстардың кез келгенін қолдану мүмкіндігін табу немесе оны жетілдіру жолын белгілеу қажет. Бұл кезеңде пікірталастың әртүрлі нысандарын пайдалануға болады.
«Миға шабуыл» әдісін өткізудің үшінші кезеңінде топ алдын ала келісілген қағидат бойынша нәтижелерді таныстыруды ұсынады:
- ең оңтайлы шешім;
- бірнеше ең табысты ұсыныстар; - ең ерекше шешім және т. б.
«Миға шабуыл» әдісін жүргізу үшін қатысушыларды бірнеше топқа бөлуге болады
топтар:
- мәселені шешуге бағытталған түрлі ұсыныстарды айтатын идеялар генераторлары;
- ұсынылған идеялардағы теріс жағдайларды табуға тырысатын сыншылар;
- әзірленген ұсыныстарды сыни ескертулерді ескере отырып нақты жағдайларға әкелетін талдаушылар.
5.18 . Жобалар әдісі
Жобалар әдісі - білім алушылар өз бетінше жоспарлау және біртіндеп күрделенетін практикалық тапсырмалар-жобаларды орындау процесінде білім мен іскерлікке ие болатын оқытуды ұйымдастыру жүйесі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
Оқытудың инновациялық (интерактивті) әдістерін қолдану бойынша ұсынымдар нормативтік құжат түрі
П 017-1.139-2022 №1 Баспа 03.03.2022ж.
Бет 19-26
Оқу жобасына қойылатын негізгі талаптар:
1) Интеграцияланған білімді, оны шешу үшін зерттеу ізденісін талап ететін зерттеу, шығармашылық жоспарда маңызды мәселенің (міндеттердің) болуы.
2) Болжанатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңызы. Орындалған жобалардың нәтижелері «сезілетін» болуы тиіс: егер бұл теориялық проблема болса, онда нақты шешім ұсынылады, егер практикалық проблема болса - пайдалануға дайын нақты нәтиже ұсынылады.
3) Білім алушылардың дербес (жеке, жұптық, топтық) қызметі.
4) Жобаның мазмұндық бөлігін құрылымдау (кезең-кезеңмен нәтижелерін көрсете отырып). Іс-әрекеттердің белгілі бір реттілігін қарастыратын зерттеу әдістерін қолдану:
- проблеманы және одан туындайтын зерттеу міндеттерін анықтау (бірлескен зерттеу барысында «миға шабуылы», «дөңгелек үстел» әдісін қолдану);
- есептерді шешу гипотезасын ұсыну;
- зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық және эксперименттік әдістер, бақылау және т.б.);
- соңғы нәтижелерді рәсімдеу тәсілдерін талқылау (презентациялар, қорғау, шығармашылық есептер және т.б.);
- алынған мәліметтерді жинау, жүйелеу және талдау;
- қорытынды шығару, нәтижелерді рәсімдеу, оларды таныстыру; - қорытынды, зерттеудің жаңа мәселелерін ұсыну.
Жобалармен жұмыс істеу кезеңдері
|