251
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың?
Оны
айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың.
Сайра да зарла, қызыл тіл,
Қара көңілім оянсын.
Жыласын, көзден жас ақсын,
Омырауым боялсын.
Қара басқан, қаңғыған,
Хас надан нені ұға алсын?
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын.
Тыңдамаса еш адам,
Өз жүрегім толғансын.
Әр сөзіне қарасын,
Іштегі дертім қозғалсын.
Әуелесін, қалқысын,
От жалын боп шалқысын.
Жылай-жырлай өлгенде,
Арттағыға сөз қалсын.
Мендей
ғарып кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын.
Не пайда бар – мың надан
Сырттан естіп таңдансын.
Онан дағы бір есті,
Ішкі сырын аңғарсын.
Өздерің де ойлаңдар,
Неше түрлі жан барсың.
Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
Даладағы аңдарсың.
Жүрегіңмен тыңдамай,
Құлағыңмен қармарсың.
Соны көріп, соларға,
Қайтіп қана сарнарсың?!
253
Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?
Өткір тіл бір ұялшақ қыз болмай ма?
Махаббат, ғадауат
1
пен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма?
Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?
Біреуге жай, біреуге тез болмай ма?
Асау жүрек
аяғын шалыс басқан
Жерін тауып артқыға сөз болмай ма?
Сонда жауап бере алман мен бишара,
Сіздерге еркін тиер, байқап қара.
Екі күймек бір жанға әділет пе?
Қаны қара бір жанмын, жаны жара.
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен
жалғыз алыстым, кінә қойма!
Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.
Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,
Етекбасты көп көрдім елден бірақ.
Ой кіргелі тимеді ерік өзіме,
Сандалмамен күн кешкен түспе ізіме.
Өзі ермей, ерік бермей,
жұрт қор етті,
Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!
Ішім толған у мен өрт, сыртым дүрдей,
Мен келмеске кетермін түк өндірмей.
Өлең шіркін – өсекші, жұртқа жаяр,
Сырымды тоқтатайын айта бермей.
1
Ғадаудат (арабша) – дұшпандық, ашу, жек көру.
255
Келдім Сапар басыңа,
Жалғыз Садық қасымда.
Кеттің Сапар бұл дүниеден,
Ай-хай, хай-ай,
Отыз жеті жасыңда.
Қайғыға
қайғы қосылды,
Тасыған көңілім басылды.
Артыңда қалған үш жетім
Ай-хай, хай-ай,
Апалап кімге асылды.
Өмір бойы қусам да,
Жаспен бетім жусам да,
Жарым Сапар, қош енді,
Ай-хай, хай-ай,
Тұрмайсың жүз жыл тұрсам да.
}
2
рет.
}
2
рет.
}
2
рет.
258
Шідердің үш бұтағын атқа салдым,
Атымды Иман-Жүсіп хатқа салдым.
Кісіден
зәбір берген кек алам деп
Жанымды бір шыбындай отқа салдым.
Сары Арқа сайран жерім-ай,
Ен жайлаған елім-ай
Ит жүгіртіп, құс салған
Айдын шалқар көлім-ай.
Сағымды қырларың биік, елің сүйік,
Ойнайды бауырыңда арқар – киік.
Қызығы Сарыарқаның еске түссе,
Төсекте жата алмаймын ішім күйіп.
260
Облыс Семей, Павлодар
Уез, елім Далба, тартамын саз.
Атым
Мұса Байжан ұлы,
Қайғыдамын қыспенен жаз,
Ғабдысалық жалғыз ұлым,
Мұны оқыса болады мәз.
263
Күн нұр шашқан Бұлғынның биігіне,
Құлан жетпес ойнаған қиігіне.
Жарқыраған айнадай көлдеріңнің
Жұмыртқалар аққу, қаз жиегіне .
Достарыңызбен бөлісу: