4. БӨЖ ұсыну формалары
БӨЖ түрлері мен формаларының мысалдары:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ
ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
П 017
-
1.138
-
2022
№1 Баспа
03.03.2022ж.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
туралы ереже
нормативтік құжат түрі
Бет
5-
13
1)
Реферат
–
әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені
жазбаша мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнын талдай
отырып баяндау.
2)
Коллоквиум
–
оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен
пәннің оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім
алушының өзіндік жұмысын бақылау формасы.
3)
Эссе
–
сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті
мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасының жазбаша түрдегі мазмұндамасы.
4)
Мақсаттар ағашы
–
мәселені таңдап, деңгей бойынша мақсаттарын
белгілеуді; барлық деңгейдегі тапсырмалар мен оларды орындау алгоритмін
анықтауды; мақсатқа жету жолдарын анықтауды; жұмыс сапасының
көрсеткіштері мен тапсырманы бақылау түрлерін таңдауды көздейтін
тапсырма.
5)
Таныстырылым
–
белгіленген мәселе бойынша негізгі қағидаларды
слайд, бейнеролик және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын
ауызша баяндама.
6)
Жағдаяттық тапсырма
–
әртүрлі жағдайлардың сипаттамасы мен
оларға байланысты тапсырмалар тізімдемесі.
7)
Іскерлік ойындар
–
білім алушының болашақ кәсіби қызметіне
байланысты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған және алдын
-
ала
дайындық пен өз бетінше аяқтауды талап
ететін кез
-
келген процестің
имитациясы.
8)
Рөлдік ойын
–
кейіннен талдау жасай отырып, жағдайдың
қойылымында
-
имитациясында нақты рөлдерді орындау.
9)
Топтық жоба
–
3
-
5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына
арналған тапсырма.
10)
Жеке жоба
–
дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті
тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.
11)
Глоссарий (тізбек сөздер)
–
берілген тақырып бойынша терминдер
мен түсініктердің қысқаша анықтамасы.
12)
Баяндама
–
тақырыптың негізгі ережелерін
3
-
5 минутта қысқаша
баяндау.
13)
Конспект
–
стандартты форматтағы 2
-
4 бет жұмыс дәптерінде
негізгі түсініктерді көрсете отырып, берілген тақырыпты қысқаша сипаттау.
14)
Кейс
–
топтық талдау барысында шешуді талап ететін жағдай. Топ
проблеманы дербес талқылайтын және оларды шешу жолдарын әзірлейтін 3
-
4 адамнан тұрады. Шешу нәтижелері жалпы топта қорытынды есеп
таныстырылымы түрінде беріледі.
|