7. Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы
21.
Оқытушының жетекшілігімен білім алушының өзіндік жұмысы
(бұдан әрі
–
ОБӨЖ)
–
ЖОО немесе оқытушының өзі айқындайтын жеке кесте
бойынша
оқытушының жетекшілігімен өткізілетін білім алушының жұмысы;
білім алушылардың санатына қарай бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі
-
ОСӨЖ), оқытушының
жетекшілігімен магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі
-
ОМӨЖ) және
оқытушының жетекшілігімен докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі
-
ОДӨЖ).
ОБӨЖ барысында оқу бағдарламасының аса күрделі мәселелері және
оқытушының жетекшілігімен оқу мысалын құрастыру, үй тапсырмасын,
курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау, семестрлік жұмыстарды,
есептерді және туындайтын мәселелер бойынша СӨЖ тапсырмаларының
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ
ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
П 017
-
1.138
-
2022
№1 Баспа
03.03.2022ж.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
туралы ереже
нормативтік құжат түрі
Бет
10
-
13
басқа түрлерін бақылау, межелік бақылауды өткізу бойынша
консультациялар өткізіледі.
22. Тақырыптары, тапсырмалар, өткізу формалары, көлемі көрсетілген
ОБӨЖ жалпы сипаттамасы пән
бойынша силлабуста берілген. ОСӨЖ әрбір
пән бойынша бүкіл академиялық кезең бойы күні, уақыты, аудитория және
оқытушы көрсетілген кестеге сәйкес өткізіледі
(2-қосымша)
. ОСӨЖ
шеңберіндегі сабақтардың консультативтік және интерактивтік формалары
болуы мүмкін, олардың арақатынасы оқытылатын курстың күрделілігімен,
оны оқытуға бөлінген аудиториялық сабақтардың көлемімен, білім
алушылардың дайындық деңгейімен айқындалады.
23.
ОБӨЖ келесі функцияларды атқарады: консультативтік және
бақылау.
Консультативтік функция:
-
әрбір пән бойынша білім алушылардың өзіндік жұмысына көмек
көрсету;
-
білім алушыға бағдарламалық материалды меңгеру үшін қажетті
жұмыс әдістерін таңдауға көмектесу;
-
студент үшін күрделі тақырыптың түсіндірілуін қайта тыңдауға
мүмкіндік жасау, оқу
материалдарын бекіту үшін практикалық
тапсырмаларды орындау;
-
оқу материалын терең зерделеуге жағдай жасау;
-
ғылым саласындағы білім алушының өзіндік жұмысына көмектесу.
ОБӨЖ бақылау функциясы студенттердің оқуға деген ынтасын
арттыру үшін студенттердің білімін ағымдық, межелік және қорытынды
бағалау барысында жүзеге асырылады. Білім беру процесін ұйымдастырудың
маңызды міндеттерінің бірі білім алушылардың оқу жетістіктеріне тұрақты
мониторинг жүргізу болып табылады.
24.
ОБӨЖ аса тиімді формалары ретінде
ұсынылады: сауалнамалар,
тренингтер, пікірталастар, іскерлік ойындар, таныстырылымдар, кейс
құрастыру, жеке, топтық жобалар әзірлеу және т.б.
|