ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ Т.Қ.ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ П 017
-
1.138
-
2022
№1 Баспа
03.03.2022ж.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру
туралы ереже
нормативтік құжат түрі
Бет
6-
13
15)
Есеп
–
нәтижелерді, негізгі проблемаларды және даму жөніндегі
ұсыныстарды зерттеу барысында алынған ауызша және жазбаша
сипаттама.
16)
Тапсырмаларды практикалық түрде көрсету
–
жаттығуларды,
қимылдарды, комбинацияларды немесе би этюдтарын бөлімдер бойынша
және оқу мысалдарын құрастыру барысында көрсетуден және оларды
теориялық білімдердің деңгейін айқындау және оларды практикада қолдану
мақсатында орындаушылармен (иллюстраторлармен) оқытушы рөлінде
өткізуден тұрады. Практикалық көрсетілімге оқу мысалдарын музыкалық
рәсімдеу бойынша концертмейстермен жұмыс істей білу іскерлігі кіреді.
Магистранттар мен докторанттар үшін БӨЖ
түрлері
талдамалық шолу,
сараптама және/немесе ғылыми мақалаларды рецензиялау, гранттарды
орындау, ҒЗЖ, ғылыми мақалалар, баяндамалар жазу және т.б. болуы
мүмкін.
10.
Әр пән бойынша өзіндік жұмыс түрлері мен формалары пәннің
ерекшелігіне, мақсат
-
міндеттеріне, күрделілігі мен өзектілігіне, білім
алушылардың дайындық деңгейіне, пәннің еңбек сыйымдылығына қарай
анықталады.
11.
БӨЖ материалдарын курс оқытушысы әзірлейді және материалдар
келесіні қамтиды:
-
БӨЖ ұйымдастырылуы бойынша әдістемелік материалдардың және
әдебиеттер көздері бойынша ұсыныстардың жасалуын;
-
тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптардың, әр БӨЖ
тапсырмасы бойынша бақылау мерзімдері мен түрлерінің, бағалау
көрсеткіштерінің жасалуын;
-
білім алушылар өзіндік жұмысының, оның ішінде тапсырмалардың
түрлері мен күрделілік деңгейі бойынша дифференциациялануы.
12.
Білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудағы
оқытушының негізгі міндеті:
-
білім алушының оқу, ғылыми
-
зерттеу, практикалық жұмыстарын өз
бетінше атқару дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау;
-
білім
алушылардың
кәсіби,
ғылыми
және
тәжірибелік
қызығушылығын дамытуға мүмкіндік туғызу;
-
болашақ мамандардың кәсіби маңызды қабілеттері, білімдері мен
дағдыларының
қалыптасуына
себепкер болу;
-
білім алушылардың тұлғалық шығармашылық қабілеттерінің дамуына
жағдай жасау.