Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі
Модель) бекітілді. Осы аталған Моделдің басты міндеттерінің бірі инклюзивті білім беруді қоса алғанда, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының икемділігін қамтамасыз ету арқылы педагогикалық процесті ғылыми негізде жетілдіру жолымен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мазмұнын өзгертуге жағдай жасау. Сондай-ақ Модельдің 21-тармағында оны іске асыру мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, білім беру қызметтерінің сапасын, даму жағдайларын жақсарту және арттыру бойынша ұсынымдар әзірленгеннен кейін ілеспе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтіні нақты міндет ретінде айқындалған. Осыған байланысты еліміздің мектепке дейінгі ұйымдарында ауқымды зерттеулер жүргізілді. Зерттеу жасау үшін кездейсоқ таңдау әдісімен барлық өңірлерден меншік түрі мен нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдар (жеке және мемлекеттік, қалалық және ауылдық) қамтылды және сертификатталған сарапшылар ECERS-3 шкаласының көмегімен бақылаулар жүргізді.
Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай нәтижелер айқындалды:
«Заттық-кеңістіктік орта» көрсеткіші бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері заттық-кеңістіктік ортаны білім беру элементі ретінде қарастырмауы және оның мүмкіндіктерін барынша қолданбауы;
«Ойын алаңын ұйымдастыру» көрсеткіші бойынша кеңістікті аймақтарға бөлудің болмауы, балаларды ерте дамыту үшін қызығушылық орталықтарының болмауы немесе олардың талапқа сай ұйымдастырылмауы;
«Балалардың сөздік қорын кеңейтуге көмектесу» көрсеткіші бойынша педагогтер балалардың сөздік қорын байытуға тек ұйымдастырылған оқу қызметі барысында ғана (режим сәттері мен еркін ойын кезінде емес) көңіл бөлетіндігі немесе онда қолданылатын сөздердің қарапайым, күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздерден тұратындығы;
«Балаларды қарым-қатынасқа баулу» көрсеткіші бойынша педагогтердің балалардың сөйлеуге деген құштарлығын оятудың және балалардың жеке қарым-қатынас жасау қабілетін арттырудың орнына көбінесе балалардың үнін елемейтіні, сонымен қатар педагогтер тарапынан балалардың жасына сәйкес келмейтін немесе балаларды қызықтырмайтын сұрақтар жиі қойылатындығы;
«Балалармен жұмыс кезінде қызметкерлердің кітапты пайдалануы» көрсеткіші бойынша кітаптарды бақылау кезінде мүлде қолданбауы, ал
«Балаларды кітап қолдануға баулу» көрсеткіші бойынша балаларға арналған жұмсақ ыңғайлы бұрышы бар кітап оқу үшін арнайы ұйымдастырылған орынның болмауы немесе болған жағдайда кітаптардың қолжетімді болмауы;
«Өнер» көрсеткіші бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу әрекетіне тиісті жағдай жасалмағандығы, құралдардың бала санына
жеткіліксіздігі, суретті тек педагог өзі дайындаған үлгі бойынша ғана салдыру, баланың қалағанын салу мүмкіндігі қарастырылмауы, ойдан салуға және баланың жеке көзқарасына педагог тарапынан қолдау көрсетілмеуі;
«Музыка/қозғалыс» көрсеткіші бойынша балалардың музыканы тыңдау, және әр түрлі қимылдар жасау мүмкіндігі болғанымен, музыкалық аспаптардың қолжетімсіздігі немесе өз бетінше қолдану тәжірибесінің болмауы;
«Рөлдік ойындар» көрсеткіші бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың көпшілігінде рөлдік ойындарға арналған материалдар, ауыстыратын киімдер, арнайы ойыншықтардың, күрделі рөлдік ойындарды ойнауға материал мен уақыттың жеткіліксіздігі;
«Табиғат/ғылым» көрсеткіші бойынша топтарда табиғи материалдардың болмауы, болған жағдайда саны шектеулі болуы, ойыншықтарымен құм/судың болмауы, педагогтердің балалармен табиғат туралы, соның ішінде ауа-райы мен жыл мезгілдері туралы әңгіме айтуымен ғана шектелуі;
«Математика және математикалық іс-әрекеттерді орындауға арналған материалдар» көрсеткіші бойынша математика сабақтарында материалдардың жеткіліксіздігі, ұйымдастырылған іс-әрекеттердің көпшілігінің балаларды қызықтырмауы, балалар сәйкес материалдармен ойнап жатқанда осыған байланысты математика бойынша сұрақтар қойылмауы;
«Персонал мен балалардың өзара әрекеті» көрсеткіші бойынша қызметкерлер мен балалар арасында жағымды қарым-қатынас тек ұйымдастырылған әрекет барысында және барлық топпен ғана шектелді, қызметкерлердің балалардың әңгімелерін және олардың қарым-қатынасқа түсуге ұмтылысын қолдауы болмауы;
«Балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы және тәртібі» көрсеткіші бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің санының көп болуына байланысты балалардың күндізгі уақытта бір-бірімен араласу мүмкіндігінің болмауы, бақылау барысында педагогтердің балалар арасындағы кикілжіңде қалай әрекет ету керектігін және туындайтын кикілжіңдерді шешуге балалармен келіссөздер жүргізуге және оны шешуге қалай көмектесу керектігін білмейтіндігі;
«Әрекеттің ауысуы және күту мерзімі» көрсеткіші бойынша көбінесе балалардың жасы мен мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтін үндемей отырып, ұзақ күту сияқты талаптардың қойылуы;
«Еркін ойын» көрсеткіші бойынша бақылау барысында еркін ойын мектеп жасына дейінгі балаларға жеткіліксіз немесе жоқ екендігі, сондай-ақ педагогтердің балалармен өзара әрекет ету және үйрету үшін еркін ойын мүмкіндіктерін пайдаланбайтыны, еркін ойын болған жағдайда педагогтердің ойынға қосылмауы, өзін алшақ ұстауы;
«Топтық сабақтар және оқыту» көрсеткіші бойынша топтық іс-әрекеттер мазмұнының балалардың даму деңгейіне тым қарапайым болуы, педагогтің сабақтың тақырыбын балалардың өмірімен және олардың тәжірибесімен сирек байланыстыруы, көбінесе оқыту мен балалардың тәжірибесінің байланыспауы айқындалды.
Жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мен жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Заңдары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі негізінде әзірленген.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу.
Әдістемелік нұсқау хатта 2022-2023 оқу жылындағы негізгі міндеттербелгіленген,олмынадайбағыттардықамтиды:
әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз білім беру ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
Отанды, ана тілін сүюге, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;
баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда педагогтерге келесі қағидаларды назарда ұстау ұсынылады:
ойын арқылы оқыту;
түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру арқылы (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) балаларды дамыту.
Әдістемелік нұсқау хат қосымшасы перспективалық жоспар, циклограмма үлгісін, баланың жеке даму картасының үлгісін қамтиды.
Әдістемелік нұсқау хат жыл бойы www.irrd.kz сайтында қолжетімді
болады.