Қазақстан республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында


қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі)



бет8/15
Дата13.04.2023
өлшемі452,95 Kb.
#82099
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі);


  • 1 маусым мен 31 тамыз аралығында жазғы сауықтыру кезеңі;

    Сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдар мынадай негізгі мiндеттерді атқарады:



    1. балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;

    2. тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;

    3. сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;

    4. азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен

    бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;

    1. баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл жасау;

    2. ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.



    Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту


    Жас кезеңдері мынадай:

      1. бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар;

      2. мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар.

    Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере отырып, оқу жылының басында жасақталады:
    ерте жас тобы – 1 жастағы балалар; кіші топ – 2 жастағы балалар;
    ортаңғы топ – 3 жастағы балалар; ересек топ – 4 жастағы балалар;
    мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды сынып – 5 жастағы балалар.


    Мектепалды сыныптары


    5 жастағы балаларды мектепалды даярлау міндетті және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында, жалпы бiлiм
    беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектепалды сыныптарында жүзеге асырылады («Білім туралы» ҚР Заңы 30-бап).
    Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері:

    • балаларда оқу әрекетінің ұйымдастырылған мінез-құлқының дағдыларын қалыптастыру (танымдық белсенділік, шығармашылық);

    • мектепке оқу үшін қажетті болашақ бірінші сынып оқушысының жеке қасиеттерін қалыптастыру (жауапкершілік, зейінділік, дербестік, ынталық);

    • ұжымдық әрекетте бірлесіп әрекет ету дағдыларына тәрбиелеу (құрдастарына көмек көрсету, жұмыс нәтижелерін бағалау және т. б.);

    • балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастықты және табысты бейімделуді қамтамасыз ету;

    • баланың мектепке эмоционалды-оң көзқарасын, оқуға деген ынтасын дамыту.

    Мектепалды сыныптары тәрбиелеу-білім беру қызметін:

    1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі

    • Стандарт) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;

    1. Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарынының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамызда № 29329 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Мектепке дейiнгi ұйымдар қызметiнiң үлгілік қағидаларына;

    2. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары);

    3. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес жүзеге асырады.

    Тәрбиеленушілердің жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мына бағыттар бойынша:

    Физикалық даму, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық дағдыларын, зерттеушілік қабілеттерін дамыту, әлеуметтік- эмоционалдық дағдыларын қалыптастыру келесі ұйымдастырылған іс- әрекеттерді кіріктіру арқылы жүзеге асырылады:

    1. дене шынықтыру (ерекше тәрбиеленушілер үшін бейімделген дене шынықтыру);

    2. жүзу (жүзу бассейні болған кезде);

    3. сөйлеуді дамыту;

    4. көркем әдебиет;

    5. сауат ашу негіздері;

    6. қазақ тілі;

    7. сенсорика;

    8. математика негіздері;

    9. құрастыру;

    10. қоршаған ортамен таныстыру;

    11. сурет салу;

    12. мүсіндеу;

    13. жапсыру;

    14. музыка.

    Стандарт талаптарына сәйкес әзірленген Үлгілік оқу жоспарларында балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес кіріктірілген ұйымдастырылған іс- әрекеттер берілді.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет