Тәрбиелеу-білім беру процесі
Перспективалық жоспарды ұйымдастырылған іс-әрекеттер бойынша тәрбиешілер, жас тобында жұмыс істейтін педагогтер (қазақ тілі мұғалімі, дене шынықтыру (жүзу) нұсқаушысы, музыкалық жетекшісі) оқу жылы басталғанға дейін жылына бір рет жасайды. Перспективалық жоспарда әрбір ұйымдастырылған іс-әрекеттердің Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде бір айға міндеттері айқындалады.
Циклограмманың ұйымдастырылған іс-әрекет бөлімінде мектепке дейінгі ұйымның кестесіне сәйкес жүргізілетін денешынықтыру, қазақ тілі, сауат ашу негіздері және музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері толтырылады. Бұдан басқа ұйымдастырылған іс-әрекеттер түрлі балалар әрекеттері арқылы күні бойы күн тәртібіне сәйкес толтырылады және іске асырылады.
Циклограмма әр аптаға құрылады, ол балаларды қабылдаудан бастап, түрлі балалар әрекеттерін, серуенді өткізуді, күндізгі ұйқыны ұйымдастыруды, яғни балалардың үйге қайтуына дейін күн тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Циклограмманың құрылымы күн тәртібіне сәйкес құрылады. Циклограмманы жоспарлауға қойылатын талаптар:
аптаның әрбір күніне Перспективалық жоспардағы ұйымдастырылған іс- әрекеттердің міндеттеріне сәйкес балалармен өткізілетін әрекет түрлерін анықтау;
әрбір әрекет түрлерін өткізуде бағдарлама мазмұнын жүйелілік пен сабақтастық қағидасын сақтай отырып беру;
балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану;
әрбір балалар әрекетін ұйымдастыру үшін жайлы заттық дамытушы ортаны (орталықтарға бөлу және оның балаларға қолжетімді болуын қарастыру, оның мүмкіндіктерін барынша қолдану) құру.
ескере отырып,
Педагогтің міндеті – өзінің түсіндіруіне көп уақыт бөлмей, балаларды шаршатпай, жалықтырмай, түсіндіруді балалардың өзбетінше ой елегінен өткізіп, сұрақтарға жауап табуына, қолмен жасап, зерттеп, шешім шығаруына мүмкіндік беру. Ол үшін балалардың қызығушылықтарын
ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерін (ойын, қимыл,
танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) ұйымдастыру. Баланы өзінің әлем туралы түсінігін құру құқығы мен мүмкіндігі бар және өз бетінше үйренуге белсенді қатысушы ретінде қабылдау.
Балалардың түрлі әрекеттерін ұйымдастыруда баланың ынтасын, пікірін және тілегін ескере отырып, ойын түрінде, барлық балалармен бір уақытта ғана емес, сонымен қатар шағын топтармен өткізу, балалар әрекетінің бірнеше түрі қатар ұйымдастырылған жағдайда балаларға аталған әрекеттердің бір түрінен өзін қызықтыратын басқа екінші әрекетке ауысуға рұқсат ету, қызығып орындап отырған баланы басқа балалармен бірге еріксіз келесі әрекетке көшірмеу ұсынылады.
Сондай-ақ, ұйымдастырған іс-әрекеттерді, түрлі балалар әрекеттерін тек топ бөлмесінде үстел үстінде ғана емес, серуенде, ойын алаңында және т.б. балалар үшін жайлы жағдайларда күннің бірінші және екінші жартысында өткізуге болады.
Тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру және өткізу кезінде тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, қажеттіліктері, жас және жеке ерекшеліктері ескеріледі.
Ерекше және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту кезінде баланың білім алу қажеттіліктеріне сәйкес үлгілік оқу, арнайы, жеке/бейімделген білім беру бағдарламалары қолданылады.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің тиімділігі, сондай-ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі (бастапқы қыркүйекте аралық-қаңтарда және қорытынды-мамыр айында).
Мониторингтің мақсаты:
баланың жетістіктерін қадағалау;
балаларды тәрбиелеу мен дамытуда жеке тәсілдерді қамтамасыз ету;
түзету іс-шараларын жедел жоспарлау негізінде білім беру процесін жетілдіру;
баланың Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау.
Нәтижелер «Бақылау парағында» толтырылады. Алынған мәліметтер негізінде топтағы әрбір балаға Баланың жеке даму картасы толтырылады (4- қосымша). Мониторинг нәтижелері бойынша даму деңгейлері I, II деңгейдегі балалармен қосымша жеке жұмыстар жүргізіледі. Баланың жеке даму картасының «Дамыту, түзету іс-шаралары» бөлімінде мониторинг нәтижелері бойынша балалармен жұмыс істейтін педагогтер мен мамандар баланы одан әрі дамыту іс-шараларын толтырады.
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагогикалық қызметкерлермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша ұйымдастырады:
Достарыңызбен бөлісу: |