Қазақстан Республикасының мемелекеттік мерекелері туралы Заң


-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру



бет17/34
Дата14.11.2022
өлшемі102,63 Kb.
#50067
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
31-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
1. 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады. 2. Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады. 3. Он алты жасқа дейінгі балаларды орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардан шығаруға құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны, білім беру ұйымдарының жарғысын өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін білім беру ұйымы мемлекеттік басқару органының шешімі бойынша ерекше жағдайларда рұқсат етіледі.
32-бап. Техникалық және кәсіптік білім беру
1. Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы оқу процесі білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтары мен оқу полигондарында – өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен, кәсіпорындар (ұйымдар) базасында тәлімгердің, өндірістік оқыту шеберінің, практика жетекшісінің басшылығымен орындалатын өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы қамтиды. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі. 4. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға жұмысшы біліктілігі және (немесе) "орта буын маманы" біліктілігі беріледі.
33-бап. Орта білімнен кейінгі білім беру
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгеру бойынша қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыға "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу күндізгі, кешкі және сырттай оқу нысандарында жүзеге асырылады. Бұл ретте тізбелерін мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органдар айқындайтын халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша экстернат нысанында оқуға жол беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет