Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет166/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   234
84-кесте. 10-11-сыныптардағы «География» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны

Сынып




Жиынтық бағалау саны бөлім/ортақ тақырып үшін




1-тоқсан

2-тоқсан

3 -тоқсан

4 -тоқсан

10-сынып ЖМБ

3

1

2

2

10 -сынып ҚГБ

3

1

2

2

11-сынып ЖМБ

3

1

2

2

11-сынып ҚГБ

3

1

2

2

«География» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жөнінде ұсынымдар
Жоспарлау жұмысы. 2021-2022 оқу жылында «География» пәні бойынша онлайн оқу жағдайындағы жіберілген білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылының оқу бағдарламасын меңгерту бағытында мақсатты шараларды жыл бойы жүргізу жолдары ұсынылады.
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың қашықтан оқу кезіндегі олқылықтарының орнын толықтыру үшін мүғалім өз пәні бойынша кемшіліктерді жою мақсатында арнайы жоспар дайындауы қажет.
Оқу жылының басында білім алушылардың бағдарламаға сай тақырыптар бойынша түсінбеген тұстарын анықтап, сол тақырыптарды қайталау жолдарын қарастырады.
Білім алушылардың білімі мен дағдыларындағы олқылықтар қай деңгейде және қай бөлімдерде екенін анықтап, оны қалай толықтыруға, іске асыруға болатын тұстарын жоспарлау ұсынылады.
Жүзеге асыру жолдары. Оқушының нені және қай деңгейде білетінін тесттер, сауалнамалар немесе қарапайым әңгімелесу арқылы анықтау ұсынылады. Егер оқушы сабақта таныс жағдайларды қайталаса немесе сұрақтарға бірнеше рет жауап берсе, бұл сізге кәсіби маман ретінде, қандай дағдыларды игергенін көрсетеді және сіз оқытуды қандай бағытта ұйымдастыруды болжауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет